17 Август
14:02
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
15 қараша 14:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Танымал әншінің қызы «Бала дауысында» жеңіске жетті

 
Той әншісі саналатын Асхат Тарғынның қызы Айым «Бала дауысы» байқауына Ақтөбе облысының атынан қатысқан болатын. Әншінің әнші қызы әкесін ұятқа қалдырмады. Айым Ұзақбаева «Бала дауысының» финалында үшінші орынды иеленді. Бұл туралы әншінің өзі instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Құрметті инстадостар! Бүгін көптен күткен «Бала дауысы» байқауының финалы болды. Еліміздің 14 облысы мен 2 қаласынан талантты бүлдіршіндер келіп өнер көрсетті. Ақтөбе облысының атынан менің қызым Айым Ұзақбаева қатысты.  Балалардың барлығы өнерлі, талантты. Сонымен қатар, сайыс болған соң жеңілу де бар, жеңіс те бар. Менің қызыма смс арқылы дауыс берген жандарға алғысым шексіз. Алланың қалауымен, сіздердің көмектеріңізбен қызым Айым Ұзақбаева үшінші орынды иеленді»-деп жазды Асхан Тарғын. Біз де өнерлі өреннің өрге жүзуін тіледік! 
нравится:    1270
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии