|    |  
16 желтоқсан 2018
17:54
қаз
Танымал астролог Тамара Глоба келер жылы Қазақстанда үлкен өзгерістер болатынын айтты
29 желтоқсан, 17:56 428
Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Экономистер, саясаткерлер мен социологтар 2018 жылдың қандай болатынын болжап жатыр. Мәскеудің танымал астрологы Тамара Глоба Қазақстанда үлкен өзгерістер болатынын айтты.

 
 
Тамара Глоба, астролог:
 
- 2018 және 2019 жылдары көптеген үлкен өзгерістер болады. Барлығы  бұл кезеңді дағдарыс кезеңі деп айтып жатыр. Ғаламдық өзгерістер болады. Мамыр айының соңында ғаламдық қаржылық өзгерістер орын алады. Жаңа қаржылық құрылым жасалады. Ол бүкіл әлемді қамтиды. Кейінгі сегіз жылда әлем қайта жаңғырады. Қазақстанда айтарлықтай өзгерістер болады. Ол энергетикаға, ақпараттық құрылымға қатысты. Бұл өзгеріс көктем соңында басталып, жаз бойы жалғасады. Үлкен өзгерістер Қазақстанға 2019 жылы келеді. Өзгеріс 2018 жылдың соңында басталады. 2018 жыл Шығыс күнтізбесі бойынша – Ит жылы, ал Батыс күнтізбесі бойынша – Шолпан.  Сондықтан әйелдер әлемдік оқиғаларда үлкен рөл атқарады. Бірқатар әйелдер билікке келеді. Олар ірі тұлғалар болмақ. Қазақстанда да әйелдер саясат пен әлемдік оқиғаларда үлкен рөлге ие болады.

 

Дереккөз: КТК


Жаңалықтар