|    |  
19 қараша 2018
05:44
қаз
Танымал тұлғалар сағатына қанша табыс табады
29 тамыз, 15:36 71


Business Insider  жаңалықтар порталы әлемдегі ең танымал шоу-бизнес жұлдыздары мен миллиардерлер бір сағат ішінде неше ақша табатынын есептеп шығарды. Есептеу Forbes журналының танымал тұлғалардың табыстары туралы ақпараты негізінде жүргізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Рейтингте сағатына 27 283 доллар көлемінде жалақы алатын актер Джордж Клуни көш бастады. Екінші орында реалити-шоу жұлдызы әрі модель Кайли Дженнер тұр – 19 006 доллар. Үздік үштікке актер Дуйэн Джонсон сағатына 14 155 доллар табыспен енді.

Тізім бұдан әрі былай жалғасады: актриса әрі тележүргізуші Эллен Дедженерес (9 988 доллар), баскетболшы Леброн Джеймс (9 760 доллар), сондай-ақ Тейлор Свифт (9 132 доллар) және Бейонсе (6 849 доллар).

Миллиардерлер рейтингінде сағатына 4 474 885 доллар табыс табатын Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос оқ бойы озық шығып, көш бастап тұр. Екінші орында Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг – 1 712 328 доллар.
Сондай-ақ, рейтингке Walmart басшысы Эдис Уолтон (1 392 694 доллар), инвестор Уоррен Баффет (958 904 доллар), Alphabet компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдж (924 657 доллар), Tesla компаниясының басшысы Илон Маск (684 931 доллар), сондай-ақ Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс (456 621 доллар) енген.

 
Жаңалықтар