24 Октябрь
06:19
Астана: 8 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
15 шілде 17:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Танымал тұлғалардың өмірі туралы аты шулы мемуарлар

«Мінез дағдарысы», Гэри Бирн
 
АҚШ-та Ақ үйдің бұрынғы күзетшісі әрі Клинтондар отбасының жақын араласқан адамы Гэри Бирннің «Мінез дағдарысы» атты кітабы сатылымға шықты. АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтонның жұбайына қол жұмсамаса да, қыз-келіншекке келгенде әлсіздік танытатын ерін қызғанып, ашуға булыққанда әйелі Хиллари Клинтонның қолына түскен затты пайдаланатыны бұрыннан белгілі болып қалған. Сатылымға шыққан бұл кітапта бұдан өзге де талай құпия айтылған. Автор «Хилларидің қауіпті, зәрлі мінез-құлқына талай мәрте куә болғанын» айтып, Ақ үйдегің «аураны ауырлатқан» «өте жауыз адам», «диктатор» ретінде сипаттайды. Автордың айтуынша Хиллари Клинтонның «мінез дағдарысы»  Америкаға орны толмастай зиян тигізуі мүмкін.
 

                                             Билл Клинтон мен Хиллари Клинтон


«Патшайым қызметінде», Дики Арбитр
 
Дики Арбитр Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның бұрынғы баспасөз хатшысы. 12 жыл бойы патшайым отбасына жақын жүрген ол Букингем сарайының талай сырына қанық. Оның «Патшайым қызметінде» деп аталатын мемуарында көпшіліктің кумиріне айналған Диана ханшайым мен Чарльз ханзаданың қарым-қатынасы егжей-тегжейлі баяндалған. Сол себепті де автордың бұл әрекетін патшайымның ұлы, қазіргі мұрагер ханзада Чарльз сатқындық ретінде қабылдаған.
 
Ұлыбритания Патшайымының отбасы туралы мемуар жазған жалғыз Арбитр емес. Патша сарайының қызметкерлері Пол Баррел «Патша парызы», Сара Гудолл «Сарай күнделіктері» атты мемуар жариялаған болатын.
 

                                            Ханзада Чарльз бен Диана ханшайым
 
  
«Бағасына лайық шайқастар» («Worthy Fights»), Леон Панетта
 
Пентагонның бұрынғы басшысы Леон Панеттаның мемуарлары басқаларынан өзгерек. Өсек-аяң жағы емес, саяси сипаты басым. Ол өзінің «Бағасына лайық шайқастар» атты кітабында бұрынғы басшысы, АҚШ президенті Барак Обаманы қатаң сынға алып,  Обаманың Сирияға қатысты ұстанымы көңілінен шықпайтынын айтады.
 
Саяси көшбасшыға көңілі толмайтынын мемуар арқылы жеткізу Америкада кең қолданылатын тәсіл деуге болады. Саясаткер Роберт Гейтстің «Соғыстағы министр» атты естелік кітабында да Президентке қарсы сын айтылған еді. Ал Қаржы министрі Пол О'Нилдің «Адалдық бағасы» атты туындысы кіші Джордж Буштың ел басқарған кезінде АҚШ әкімшілігінің ашуын тудырған еді.
 

                                                    Барак Обама


«Күн батқаннан таң атқанға дейін», Александр Коржаков

Президент Борис Ельциннің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Александр Коржаковтың бұл естелігі кек алу есебінде жазылған. Мұны автордың өзі де мойындаған. Автор Ельциннің отбасына, жеке басы мен қызметіне қатысты талай даулы дүниені жазады. Аталмыш кітап 1997 жылы жарық көріп, көп ұзамай-ақ әлемнің бірнеше тілдерінде басылып, таралған.
 

                                                                 Борис Ельцин

«Мені Дэйв деп атаңдар», Майкл Эшкрофт
 
Майкл Эшкрофтың «Мені Дэйв деп атаңдар» деп аталатын кітабынан кейін жанжал шыққан еді. Бұл кітапты да кек алу мақсатында жазылған деуге болады. Себеп, Ұлыбританияның экс-премьері Дэвид Кэмеронның сайлау алды науқанында Эшкрофтың жұмсаған шығын ақталмаған-мыс. Соған қарамастан кітап жоғары сұранысқа ие. Кэмерон өзінің жас күнін еске алып, сұхбат бергенде жастық шағының әдеттегі көп студенттің өмірінен өзгеше болмағанын айтқан. Бірақ кітапта оның жастың шағының "тыныш, бірқалыпты» өтпегені, экс-премьердің ішімдік ішкені, есірткіні тұрақты тұтынғаны, элиталы студенттік қауымдастыққа кіргені жөнінде мәлімет беріледі. Айыптаулар бұнымен шектелмейді. Эшкрофт Кэмеронның консерванттардың басшысы болғаннан кейін британдық кәсіпкелерден аз пара алмағанын жазады.


                                                  Дэвид Кэмерон


«Сол сәт үшін ризамын», Валери Триервейлер
 
Валери Триервейлер — франциялық саяси журналист. Франция президентінің азаматтық некедегі әйелі ретінде танымал. Оған көңілі кеткен Олланд отбасын тастаса, кейін жаңадан тапқан көңілдесі үшін оның өзін құрбан еткен көрінеді.
 Автор Президент екеуінің арасындағы күрделі қарым-қатынасты, қалай екі жаққа кеткендерін, сондай-ақ Францияның саяси өміріне қатысты бірталай дерек келтіреді. Президент сайлауына қатысты  «күрделі ойындарды» жан-жақты сипаттайды.  
 

                                                             Франсуа Олланд

Дереккөз: Аргументы и факты
нравится:    907
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии