23 Август
21:42
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
19 шілде 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Танымал тұлғалардың тұлымы қанша тұрады?

 
 Табынушылар үшін танымал тұлғалардың, тарихи тұлғалардың өмірі мен өнері, қызметінен бөлек басындағы шашына дейін құнды.
Биылғы ақпан айында Джон Леннонның 1966 жылы шыққан «Мен соғысты қалай жеңдім» фильмінің түсірілімі кезінде кесіп алынған тұлымы аукционда 35 мың долларға сатылды.  2007 жылы оның тағы бір тұлымы 48 мың долларға сатылған болатын.
 
2015 жылы Моцарттың шашы 53 мың долларға сатылған. Ал Бетховеннің табынушылары оның бір тал шашы үшін  12,4 мың доллар төлеген. Коллекционерлер американдық әнші, композитор   Вилли  Нельсонның өрген шашын 37 мың долларға алған. Ал Джастин Бибер 2011 жылы қайырымдылық мақсатта өз кекілін 40 мың долларға сатқан еді.
 
Наполеонның тұлымы 2010 жылы 13 мың долларға, Линкольннің бір тұтам шашы 38 мың долларға сатылған. Ал рок-н-ролл королі Элвис Преслидің табынушылары оның шашы үшін 2002 жылы 115 мың доллар ұсынған еді.
 
Дереккөз: forbes.kz
нравится:    878
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии