16 Декабрь
20:43
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
6 қараша 18:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Танымал тұлғалардың жетістікке жету жолындағы ережелері
Әлемге белгілі Wal-Mart дүкендер желісінің негізін салған Сэм Уолтон клиенттердің күткенінен асып түсу керек дейді.


 
Белгілі бизнесменнің еңбек жолындағы ережелерін назарларыңызға ұсынамыз:
 
Қызметкерлеріңізбен пайдаңызбен бөлісіңіз және оларға серіктестеріңіз ретінде қараңыз. Сонда олар да сізге дәл өзіңіздей қарым-қатынас жасайды. Және бәріңіз бірлесе армандаған дүниеңізге қол жеткізесіздер.

Қызметкерлеріңізді ынталандырыңыздар. Үнемі қызметкерлерді ынталандыру әдістерін іздеп, ұжымда бәсекелестікті қолдауға тырысыңыз.

Өзіңізге мәлім ақпаратпен қызметкерлеріңізбен бөлісіңіз. Олар неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым түсінеді. Неғұрлым түсінсе істің табысқа жетуіне соғұрлым мүдделі.

Қызметкерлердің жасап жатқан істерін жоғары бағалаңыз. Сіздің шынайы мақтауыңызды ештеңе алмастыра алмайды. Сіз ол сөздерді тегін айтасыз, ал олардың пайдасы ұшан-теңіз.

Жеңістеріңізді атап өтіңіз. Қателеріңізге күле біліңіз. Өзіңізді тым ауыр қабылдамаңыз.

Компанияда жұмыс істейтін әр қызметкерге құлақ асыңыз. Себебі клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлер істің нақ мән-жайын біледі.

Клиенттеріңіздің күткенінен асып түсіңіз. Олардың қалағанын артығымен орындаңыз.

Бәсекелестеріңізден гөрі, шығындарыңызды көбірек бақылаңыз.

Ағынға қарсы жүзіңіз. Өз жолыңызды табыңыз.

Бизнесте тек бір ғана басшы бар. Ол сатып алушы. Ол ақшасын басқа бір жерде жұмсап, компания қызметкерінен бастап, директорға дейін жұмысынан босата алады. 
 
Дереккөз: http://www.segodnya.ua
нравится:    172
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии