|    |  
17 желтоқсан 2018
12:28
қаз
Танымал журналист басы дауға қалған Салтанат Бақаеваның өтірігін әшкереледі
10 тамыз, 10:05 463
Эстрадада айтылып жүрген 100-ден аса әннің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, бір тиын алмағанын айтқан еді. Алайда Бақаева ел алдында ақталып, ақынмен келіскенін айтқан-ды. Десе де ол өзінің орындауындағы «Әгугәй, құрбым» әнінің авторынан кешірім сұрамаған, тіптен өзіне дүрсе қойыпты, деп жазады Stan.kz.



Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram-парақшасында айтты.

Тележүргізушінің сөзінше, жас ақын Назерке Семей Салтанат Бақаеваға ренішін айтқаннан кейін, артынша әнші қоңырау шалыпты. Өз кезегінде ақын Бақаеваның сөздерін жазып алған.

«Он жеті минут сөйлескен әңгімеден әншінің бір рет болса да кешірім сұраған сөзін ести алмадым. Өкінішті. Керісінше ақын қызға сөз бермей, шүйлігуде. Ол ол ма, «Инстаграм» парақшасына өзін ақтап, Назеркені даттаған жазбасын салды. Оқырмандар жас ақын қыздың жер-жебіріне жетіп пікірлерін қалдырған. “Байғұс көніп, бетпақ жеңдім” дегені ме бұл сондағысы?!

Жә, өзара шешсін деуге де болатын еді. Егер Салтанат Бақаева: “Назерке, кешірші… Сен арқылы нанымды тауып, еліме сыйым артуда” деп жатса? Жо-оқ…Керісінше…

“Мен арқылы өзіңе хайп жасап жатырмысың, а?!”, “Мені көре алмайсың…”, – деген. Несін көре алмайды екен? Осы әншілер қызық. Ол -әнші. Назерке – ақын емес пе? “Саған пиар керек болып тұр. Мен арқылы танылғың келіп жүргендердің біреуісің!” – дей келе, ақын қыздың сөзін аяғына дейін естімей, телефон тұтқасын лақтыра салады», – дейді Дәулетбекқызы.

Өз сөзінде журналист Бақаеваның өтіріктерінің бетін ашып, әшкерелеп берді.

«Ау, Салтанат! Этика қайда?! Сенің өтірігің баттиып шығуда.

Біріншіден, “Мен композитор Ерханға “Әгугәй”-дің қаламақысын төледім” депсің. Ал, Ерхан інішек: “Маған ешкім қаламақы берген жоқ”, – дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер.

Екіншіден, “Әдемі-ай” әнін жазар кезде ақшам болмады” депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, «Инстаграмдағы» парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы “Әгугәй” әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма? Тере берсең көп нәрсе шығайын деп тұр», – деп жалғастырды журналист.

Өз сөзінде Дәулетбекқызы әншіге ақша құнықпауға кеңес берді. Сүйкіміңді кетірме, дейді ол.

«Егер осы ақын мен сазгер болмағанда, дәл бүгін сен отбасыңмен Мысырда жүрмеген болар ма едің, кім білсін?! Түс жерге айналайын, түсе ғой… Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас болып құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме.

Талай әншілерді көрдік. Көріп те келеміз. Жарқыраған жұлдыздай болып, демнің арасында сөніп кеткенін. Сол әншілер қайта тұруға аяқтары дірілдеп тұра алмай да жатыр. Бәлкім, біреудің назасына да қалған болар солар, шайтан біліп пе?! Халық – көтереді. Керек десең демнің арасында жерге түсіріп жібереді», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол жас ақын Назеркенің өзіне жіберген видеосын жариялады.

«Шырылдаған жас ақын Назерке мына видеоны жіберіпті. Ақты ақ, қараны қара деп қарайтын уақыт келді. Жетер әншілерді аспандатқанымыз.

Кешегі жазбадан кейін әншілерге өлеңнің мәтінін жазып беріп жүрген ақындарымыз да ышқына жазуда. Енді олардың пікірлерін оқысаңыз, жүрегіңіз ауырып кетеді», – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.
 

ЖЕҢІЛГЕНДІ МОЙЫНДАУ ДА - ТЕКТІЛІК! Кешегі ақын Назерке Семейдің жанайқайын инстаграм мен фейсбукке жариялағаннан соң, бүгін әнші Салтанат Бақаева ақын қызға телефон шалыпты. Назерке ертеңгі күні дәлелім болмай қалар деген қорқынышпен( "қазіргі кезде барлығын күтуге болады. Сондықтан сөзімді дәлелдейтін факт керек",- дейді Назерке Семей) ол екеуара сөздерін телефонның диктофонына жазып алыпты. Он жеті минут сөйлескен әңгімеден әншінің бір рет болса да кешірім сұраған сөзін ести алмадым. Өкінішті. Керісінше ақын қызға сөз бермей, шүйлігуде. Ол ол ма, инстаграм парақшасына өзін ақтап, Назеркені даттаған постын салады. Оқырмандар жас ақын қыздың жер-жебіріне жетіп пікірлерін қалдырған. "Байғұс көніп, бетпақ жеңдім" дегені ме бұл сондағысы?! Жә, өзара шешсін деуге де болатын еді. Егер Салтанат Бақаева: "Назерке, кешірші... Сен арқылы нанымды тауып, еліме сыйым артуда" деп жатса? Жо-оқ...Керісінше... "Мен арқылы өзіңе хайп жасап жатырмысың, а?!" "Мені көре алмайсың..."(несін көре алмайды екен? Осы әншілер қызық ше ???? Ол -әнші. Назерке - ақын емес пе?) "Саған пиар керек болып тұр. Мен арқылы танылғың келіп жүргендердің біреуісің!" дей келе, ақын қыздың сөзін аяғына дейін естімей, телефон тұтқасын лақтыра салады. Ау, Салтанат! Этика қайда?! Сенің өтірігің баттиып шығуда. Біріншіден, "Мен композитор Ерханға "Әгугәй"-дің қаламақысын төледім" депсің. Ал, Ерхан інішек: "Маған ешкім қаламақы берген жоқ" дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер. Екіншіден, "Әдемі-ай" әнін жазар кезде ақшам болмады" депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, инстаграмдағы парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы "Әгугәй" әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма? Тере берсең көп нәрсе шығайын деп тұр. Білесің бе, мен сенің орныңда болсам не істерімді?! ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТА

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)

(ЖАЛҒАСЫ) Білесің бе, мен сенің орныңда болсам не істерімді?! Дәл осындай керемет әннің арқасында халық ықыласына бөленіп жүрсем, еһ, шіркін, сазгер жас жігіт Ерхан мен жас ақын Назеркені қолтықтап ел-елді аралатар едім. Сазгерге басқа әншілер секілді көлік мінгізбесем де, қымбат сағат, ал ақын қыздың саусағына гауһар тастан жасалынған жүзігін таға қояр едім. Егер осы екеуі болмағанда дәл бүгін сен отбасыңмен Мысыр елiнде жүрмеген болар ма едің, кім білсін?! Түс жерге айналайын, түсе ғой... Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас болып құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме. Талай әншілерді көрдік. Көріп те келеміз. Жарқыраған жұлдыздай болып, демнің арасында сөніп кеткенін. Сол әншілер қайта тұруға аяқтары дірілдеп тұра алмай да жатыр. Бәлкім, біреудің назасына да қалған болар солар, шайтан біліп пе?! Халық - көтереді. Керек десең демнің арасында жерге түсіріп жібереді. Уот, солай... P.S: Шырылдаған жас ақын Назерке мына видеоны жіберіпті. Ақты ақ, қараны қара деп қарайтын уақыт келді. Жетер әншілерді аспандатқанымыз. Кешегі постан кейін әншілерге өлеңнің мәтінін жазып беріп жүрген ақындарымыз да ышқына жазуда. Енді олардың пікірлерін оқысаңыз, жүрегіңіз ауырып кетеді. Ертең министр Арыстанбекчик туралы жақсылап бір пост жазбасам, болмайын деп тұр????. (қалғанын Фейсбук парақшамнан көріңіздер. Мына жерге сыймайды????‍♀️)

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)



Жаңалықтар