|    |  
15 желтоқсан 2019
04:25
қаз
Тапал бойлы адамдардың инсульт алу қаупі басымырақ - зерттеу
17 ақпан 2018, 13:14 55


Адамның бойы мен инсульт алу қаупінің арасында қандай байланыс бар? Осы мәселені Дания ғалымдары анықтап, зерттеу нәтижелерін Stroke журналында жариялады.

Зерттеу барысында ғалымдар 1930-1989 жылдар аралығында Данияда дүниеге келген 300 мыңнан астам баланың деректерін талдаған. Зерттеу кезінде олар балалар 7,10 және 13 жасқа толған кездегі бойларын өлшеп, тіркеп отырған.

Зерттеу нәтижесінде бойлары орта есептегі мөлшерден 5-8 см төмен болған балалар есейген кезде жиі инсульт алғаны анықталған.

Мұны байқаған ғалымдар адамның бойы генетикалық тұрғыдан берілетіндігін айтады. Сонымен қатар, әйелдердің жүктілік кезіндегі тамақтануы, баланың өзінің тамақтануы, ауырған ауруларының саны мен ұшыраған күйзелістер де адамның бойының өсуіне әсер етеді. Міне, осы факторлардың барлығы инсульттың дамуы қаупіне ықпал етуі мүмкін деп есептейді ғалымдар.


Дереккөзі: www.segodnya.ua


Жаңалықтар