12 Декабрь
02:48
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
5 қаңтар 14:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тарихтағы мешін жылы



Мешін жылының айтулы оқиғаға толы жылдары да қасіретті жылдары да қазақ тарихында аз емес. Соларға тоқтала кетсек.


Алдымен, әлем тарихын алсақ, мешін жылғы елеулі тарихи оқиғалардың бірі 1896 жылы Афинада өткен алғашқы жазғы Олимпиада ойындары болатын. Олимпиада ойындары осындан бастап қайта жаңғырып, Еуропа елдерінде өткізіле бастады, екі рет дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат спорт ойындарына бас қойды. Соны тудырған, бұқараны спортқа алып келуде олимпиаданың насихаттық құрал болғаны анық.


Қазақ қауымы халықаралық спорт додасында ұландарына жанкүйер болған алғашқы олимпиаданың бірі - 1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада болатын. Оған Қазақ КСР-нан 20 спортшы қатысып, 16-сы жүлдемен оралды. Еркін күрестен Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, ауыр атлетикадан Виктор Мазин, жеңіл атлетикадан Владимир Муравьев, ватерполдан Сергей Котенко, баскетболдан Надежда Ольховалар алтын медаль алды. Атақты боксшы Серік Қонақбаев күміс медаль алды.



2004 жылы Олимпиада Афинада қайтадан өтті. Жарысқа Қазақстаннан 17 спорт түрінен 119 спортсмен қатысты. Халықаралық шараны әрбір қазақ теледидарынан қарап, спортшыларымыздың жетістіктеріне қуанып, сүрінген тұсына күйініп тұрды.


Әлемнің жұмбақтарының бірі әлі күнге шейін құпиясын толық ашпаған Тунгус метеориті 1908 жылы - мешін жылы жерге құлаған екен. 




Мешін жылғы жетістіктердің бірі әлеуметтік желі екен. Айталық, 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг үш досымен бірге әлемге белгілі Фейсбук әлеуметтік желісін құрды. Бұл сайт Гарвард университетінің студенттеріне ғана қолжетімді болған. Кейіннен әлемдік жобаға айналды. Қазір әлеуметтік желі өмірімізге дендеп енді, ең жақын коммуникациялық жолсерікке айналды. Бұрын сыныптастар, туыстар және таныстар болатын болса қазір желідегі достар, пікірлестер де солардың қатарынан орын алды.


Қазақтың ең қасіретті тарихының бірі, жоңғар шапқыншылығы тұсындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін орын алатын мешін жылы басталған 1932-33 жылдардағы ашаршылық еді. Тарихшы Бүркітбай Аяған ашаршылық құрбандары туралы мынадай деректер келтіреді: «Жалпы отандық зерттеушілер бүгінге дейін 1921-22 және 1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарының санына келгенде, әртүрлі мәліметтер береді. 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтан минимум - 1,5 млн.- нан - 2,2 - 2,3 млн.-ға дейін, максимум - өмірге келмеген ұрпақтың саны туралы мағлұматтарды қоса есептегенде 4 млн.-ға дейінгі сандар көрсетіледі».




1956 жылы әлемге «Тың игеру» науқаны жария етілді. Өйткені, сол жылы КСРО 125 млн тонна астық жинады, оның тең жартысы тың өлкесіне тиесілі еді. Бұл науқанның одақ үшін экономикалық тиімділігі болған шығар, алайда жер қыртысын ескермегендіктен қазақ жерінің 9 млн гектары жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 6 жыл ішінде КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Елді-мекендер мен жер-су атаулары орысша атала бастады.


Бізге етене таныс әрі көбіміздің басымыздан өткен Тәуелсіздіктің тарихи оқиғаларының  бір парасы мешін жылына  тиесілі. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып жатты. Айтар болсақ, тұңғыш қазақстандық алтын мешін жылы 1992 жылы 27 қаңтарда Өскеменде шығарылған. Оның сынамасы ең жоғары, салмағы 10 келіден асатын болған.


Сол жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Сөйтіп еліміз әлем тарапынан құқықтық тұрғыдан мойындалды. 



4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран бекітілді. Мемлекеттік тудың авторы - суретші Шәкен Ниязбеков. Елтаңба - сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі.Жыл сайын осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде атап өтіледі.


Елдегі ең танымал ғимараттардың қатарына кіретін Ақорда да мешін жылы пайдалануға берілген. 2004 жылы 24 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы ресми түрде ашылды. Жаңа ғимаратты «Ақ Орда» деп атады. Резиденция іргетасы 2001 жылы қыркүйекте құйыла бастаған. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А.Мольтени бар. Ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик Қ.Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.
Ғимараттың жалпы ауданы - 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі - 86 метр.
Мешін жылы саяси науқансыз елестете алмаймыз. 2004 жылы 19 қыркүйекте Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Оған 12 партия қатысты.  67 сайлау округінен 67 депутатқа дауыс берілді. 10 депутат партия тізімімен сайланды. Сөйтіп Мәжілісте 77 депутат іске кірісті.


  
Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    1298
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии