22 Август
03:49
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
14 сәуір 10:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тасбақаны шалбарының ауына салып шекара асырған канадалық сотталды
АҚШ-та ұлты қытайлық Канада азаматы тасбақалар контрабандасы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.





2014 жылы Кай Сюяны канадалық шекарашылар ұстаған. Ол 51 тірі тасбақаны шалбарына жасырған екен.

Айыптаушылардың нұсқасына қарағанда, ол үнемі Мичиганға барып, Қытайға жөнелту үшін ол жерден тасбақаларды сатып алып отырған. Осылайша ол мыңдаған тасбақаны өткізген.

Кай Сюй өзі тасбақаларды университеттегі оқуының төлемін төлеу үшін сатқанын айтты. Ол сотта АҚШ қауіпсіздік қызметіне қылмысты жолдан алып шыққандары үшін алғыс айтты, деп жазды Ассошиэйтед пресс.

Прокурорлардың сөздеріне қарағанда, Кай Сюй тасбақаларды Канада мен АҚШ-тан Қытайға теңіз арқылы тасымалдаған. Кейде өзге адамдарға ақша төлеп, олардың ұшақтағы жүксалғышына салған.


Дереккөзі: Лента.ру.
нравится:    675
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии