12 Декабрь
08:25
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
20 қазан 09:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Татуировкасы бар адамдар қатыгез келеді
Британияның ғылыми мамандары тәніне инемен сурет салғындардың немесе жазу жазғызғандардың татуировкасы жоқ адамдарға қарағанда зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке бейім келетінін анықтады. Тәжірибеге 20-60 жас аралығындағы 378 адам қатысқан.



Олардың төрттен бірінің денесінде кем дегенде бір сурет немесе жазу болған - инемен салдырған. Тәжірибе барысында олардың бәрі ашушаң немесе ызақор болып келетіні белгілі болды. Тәнінде тату неғұрлым көп болған сайын адамның мінез-құлқы өзгеріп, жоғарыда аталған жат әдеттерге жиі бой алдыратын көрінеді. Сондай-ақ, зерттеушілер өмірдегі қандай да бір сәтсіздікке ұшыраса немесе жолы болмаса, олардың тәндерін піспектетіп, сурет салдыру немесе жазу жаздыру арқылы жұбаныш табатынын да анықтады. Сөз реті келгенде айта кетейік, 2012 жылы Ұлыбританияда жыл сайын бір жарым миллион адамның тәндеріне тату салдыратыны белгілі болды. Тағы бір ескере кететін жайт, имам Шафиғи мен оның ізбасарлары денесінде татуы бар адам оны кетіретіндей дәрі тапса, тәніндегі татуировкасын кетіруді орындалуы міндетті амалдардың қатарына жатқызған. Ал егер дәрінің көмегімен кетіре алмаса, онда оны денсаулыққа зиян келтірмеу шартымен хирургиялық жолмен кетіріп, одан құтылуға кеңес берген.  

Дереккөзі: islam.kz
нравится:    669
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии