Мәдениет
14 ақпан 11:08
Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен отау құрмақ
Қазақ киноиндустриясының сымбаттысы Тәуекел мен эстрада жұлдызы Жанар арасындағы байланыс олардың жанкүйерлеріне еш тыным берер емес. 



Желі бетінде бірге түскен суреттерін жиі жария етіп жүрген екеуі де бұл туралы тіс жармай келеді. Құпияға деген қызығушылықтың екі есе артық екенін жақсы түсінсе керек олар. Енді міне Тәуекел таяу күндері НТК арнасына берген сұхбатына аталмыш оқиғаға қатысты сәуле төккендей болды:

«Жұрт қызықсын деп, бастапқыда үндемедік. Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деген қауесет тараттық. Адамдар сұрай бастады «Екеуің үйленіп алғансыңдар ма?» деп. Енді жауап беретін уақыт жетті», – деді актер НТК арнасына берген сұхбатында. Алайда, Жанар екеуінің арасындағы байланыс жайында сол күйі тұшымды жауап бермеді.

Жанар Дұғалова да өзіне келетін толассыз хаттар жайлы айтты. Әсіресе, тыңдармандары «Тәуекелмен біргесіздер ме?» деп жиі сұрайтын көрінеді. 

Дереккөзі: НTK             

Комментарии




Яндекс.Метрика