|    |  
16 қараша 2018
04:03
қаз
​Тауық еті қосылған бәліш
17 қараша, 11:09 581


Қамыры:


Сүт — 1 стақан
Ашытқы — 1,5 шай қасық
Қант, тұз — 0,5 шай қасық
Сары май — 200 гр.
 Ұн — 2 стақан
 
Салмасы:

Тауықтың сүбе еті — 400 гр.
Пияз — 1 дана
Картоп — 4-5 дана
Тұз, бұрыш
Сыртына жағуға — 1 жұмыртқа

Дайындау тәсілі:

Жұмсақ қамыр илейміз. Жылы жерге бетін жауып көтерілгенше қоямыз.

Салмасын дайындаймыз.
Картопты жұқалап тураймыз.

Тауықтың етін және пиязды ұсақтап турап, тұз, бұрыш саламыз.

Қамырды екі бөлікке бөлеміз (біреуі үлкенірек). Үлкенірегін жаямыз да, үстіне тауықтың етін, оның үстіне картопты жайып шығамыз. Картоптың үстіне де тұз себеміз.

Екінші қамырды жаып, үстін жабамыз. Бірнеше жерден үстіңгі қамырды тесеміз. Сонда буы шығып, іші сорпаға толып кетпейді. Үсті піскенде әдемі жылтырап тұру үшін жұмыртқа жағамыз. 180°С-ты қызған пешке 40-45 минутқа қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!
Теги: Ас мәзірі
Жаңалықтар