23 Август
00:41
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
4 қараша 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тауық еті мен күріштен жасалатын ащы сорпа

 
Сізге қажет:
 
Тауық сирағы — 2 дана.
Сәбіз — 1 дана.
Балдыркөк, ақжелкен тамыры (сорпаның дәмін кіргізу үшін) – дәміне қарай
Сарымсақ — 1-3 түйнек
Чили бұрышы — 1-3 дана.
Пияз — 1 дана.
Күріш — 1стақан.
Аскөк — 3-4 тал
Сары май — 1 ас қасық
Томат пастасы — дәміне қарай
Тұз — дәміне қарай
Ащы қызыл бұрыш — дәміне қарай
Хош иісті шөптер қоспасы (дәмдеуіштер) — дәміне қарай
Лавр жапырағы — дәміне қарай
 
Дайындау тәсілі:
 
1. Бұл ащы сорпаны баяу отта қайнатады.
 
2. Ең алдымен тауық етінің сорпасын әзірлейді. Тауық етін қазанға салып, су құйып, қайнағанша баяу қыздырады. Көбігі шыққаннан кейін суын ағызып, тауық етін жуады.
 


3. Қазанға 1 литр су құйып, дайын болған тауық етін, бір лавр жапырағын, балдыркөк пен ақжелкеннің тазартылған тамырларын салады.
 
4. Содан кейін 20-25 минут қайнатады. 5-10 минуттан кейін лавр жапырағын алып тастаған жөн. Қайнап болғаннан кейін барлық тамырларды да алып тастау қажет.
 
5. Сорпа қайнап жатқанда, пияз бен сәбізді тазалай беріңіз.
 
6. Сәбізді төртбұрыштап, ал пиязды ірілеп тураңыз. Табаға сары май жағып, сәбіз бен пиязды соған қуырыңыз. Сәбіз жұмсарып, пияз алтын түске боялуы тиіс.
  


7. Сорпа қайнағаннан кейін тауық етін сүзіп алып, тәрелкеге салып, суытыңыз.
 
8. Сорпаға қуырылған көкөністерді салып, араластырып, қайта қайнату керек.
 


9. Тауық етін сүйектен тазартып, ірілеп турайды.
 
10. Тауық етін қайтадан сорпаға салып, баяу отта бәрін бірге 3-4 минут қайнатады.
 


11. Содан кейін күріш қосыңыз.
 
12. Дәмін көріп, қалауыңызға қарай тұз бен дәмдеуіштер қосыңыз. Құрғақ немесе балғын чили бұрыштарын тұтастай салыңыз.
 
13. Күрішті салғаннан кейін сорпаны 20 минут қайнатасыз.
 
14. Күріші піскен уақытта ірілеп туралған сарымсақты, ащы бұрыш пен томат пастасын қосады. Сорпаны 5 минут қайнатады. Сорпа дайын.


 
15. Дайын болған сорпаны оттан алып, он минут суытып, тәрелкелерге құйып, үстінен аскөк себіңіз.
 
Ас болсын!
 
 
нравится:    962
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии