20 Сентябрь
00:54
Астана: 10 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Кербез
25 мамыр 17:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тауық етінен жасалған рулет
Бұл тек тауық етінен жасалған рулет ыстық күйінде де, суық күйінде де дәмді. Оны басқаша салқындатылған дәмтатар деп те айтып жатады.

Сізге қажет болатын заттар

Омлет үшін:
Жұмыртқа - 3 дана
Кез келген қатты ірімшік - 100 г
Майонез - 100 г 
Манка - 1 ас қас.

Салынды үшін:

Тауықтың туралған еті - 300-350 г
Пияз - 2 дана.
Тұз, бұрыш

Дайындау тәсілдері:

1. Омлет: жұмыртқа, майонез, ірімшікті (үгіткіштен өткізіп), манка салып  бір текті болғанға дейін араластырыңыз. Сосын оны қоя тұрып, салындыны дайындауға кірісіңіз.



2. Салынды: пияз бен еттің мөлшерін өзіңіздің қалауыңыз бойынша алыңыз. Автор жарты келі туралған етке көлемі кішкентай 7 пияз салуды ұсынады.  

3. Пиязды ұсақтап турап, оны өсімдік майына сарғыш тарқанша қуырамыз.

4. Сосын оны блендердің көмегімен тағы да ұсақтаймыз.

5. Туралған етке пиязды, тұзды және бұрышты қосып жақсылап араластырамыз.

6. Жалпақ табаға ас пісіруге арналған қағазды төсеп, оған өсімдік майын жағамыз. Оған дайын тұрған қамыр езбесін тегіс етіп құямыз. Оны 180 С қойып сарғыш тартқанша пісіреміз. Қағазды алып тастаймыз. Сосын оның арасына туалған ет салындысын салып, рулет етіп ораймыз. Дайын рулетті фольгаға орап қоямыз.









7.Рулетті 180 С 40 минут пісіреміз. Піскеннен кейін еттің сөлі толық сіңіп, дәмдене түсуі үшін фольгамен біраз уақытқа қойып қою керек.



8. Дайын болған тағамды дөңгелетіп кесіп, салқындатып немесе ыстықтай жеуге болады.



Асыңыз дәмді болсын!
нравится:    2563
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии