26 Май
18:16
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
9 мамыр 16:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тауық жұмыртқасының пайдалы және зиянды қасиеттері


Қуырылған немесе қайнатылған тауық жұмыртқасы таңғы асқа не кешкі асқа тұтынатын сүйікті тағамдардың бірі, оны бойдақтар тіптен жақсы көретіні анық. Жыл сайын өндірушілер халықты миллиардтаған жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырады, сондықтан оның жетімсіздігі еш сезілмейді.

Жұмыртқаның танымалдылығы тек қана оны дайындаудың тиімді әрі жеңіл тәсілдерінің болуымен ғана ерекшеленбейді, біз бүгінгі мақаламызда оның пайдалы тұстарын да әңгімелейтін боламыз. Сондай-ақ сіз жұмыртқаның зиянды жақтары туралы да білетін боласыз.

Тауық жұмыртқасының құрамы

Тауық жұмыртқасының құрамында ақуыз және 8 амин қышқылы бар. Сондай-ақ олардың құрамында:
-  А, Е, D дәрумендері;
- В тобының дәрумендері;
- фолий қышқылы;
- темір, йод;
- биотин, лютеин, селен және фосфор
кездеседі.

Жұмыртқада холестерин болады. Бұл зат туралы көптеген аңыз бен түрлі пікірлердің бар екені мәлім. Біз дәл осы зат туралы пікірді толықтай жинақтап зерттеп қарастыратын боламыз.



Холестерин дегеніміз не?

Ғалымдардың көзқарастарына сүйенсек, холестерин – ағзаның тірі жасушаларында кездесетін балауыз тәріздес, май тәріздес компонент. Ол дұрыс қалыптасуды қамтамасыз етеді: гормондар синтезіне және ас қорыту жүйесіне қатысады. Денеге холестерин кішігірім доза түрінде тарап, липопротеин деп аталатын зат түзейді (липопротеид). Олар 2 топқа бөлінеді: тығыздығы төмен және жоғары.

Тығыздығы төмен липопротеиндер өте зинды болып есептеледі, өйткені олар маңызды артерияларда түйіндердің пайда болуына түрткі. Нәтижесінде адамда қан айналым жүйесі тежеліп, бұл жүрек пен қан тамырлар ауруына әкеп соқтыруы мүмкін.
Липопротеиндердің екінші тобы (тығыздығы жоғары) суда жақсы еритін қасиетке ие және ағзадан және қан тамыр бойынан холестеринді шығарады, бұл атеросклероздың дамуына жол ашады.



Холестерин ағзада көп мөлшерде жиналмайынша, зиянын сезіну мүмкін болмайды. Егер холестеринге бай өнімдерді тұтынсаңыз, ағза өзі бөліп шығаратын холестерин мөлшерін азайтады.

Тамақтану мен өмір салты ағзадағы холестериннің түріне де әсер етеді. Тауық жұмыртқасын көп мөлшерде жесеңіз, ол жиналып қалуы да ғажап емес. Сондықтан да жұмыртқаны шамадан тыс пайдалану да зиян әкелетіні анық.

Холестеринді тұтыну мөлшері және оның бір жұмыртқадағы саны

Зерттеулерге сәйкес, күнделікті 300 миллиграммға жуық холестерин тұтыну ұсынылады. Бір жұмыртқада оның 165 миллиграммы бар, сол себепті екі жұмыртқа тәуліктік дозаны асырып жібереді.

Тағы да жүргізген зерттеулерге сәйкес, ғалымдар жұмыртқадағы холестерин трансмайларға (маргарин, рафинадталған өсімдік майы, бәліштер және  кондитерлік тәттілер, шоколад, крекерлер, чипсылар, картоп фрилері және тағы да басқа) және қанық майларға (сары май, қолдың қаймағы, кілегей, сиыр еті, шошқа еті, қой еті және тағы да басқалары) қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін мойындады.



Тауық жұмыртқасының пайдасы

Жұмыртқаның құрамында амин қышқылдары мен ақуыз бар, сол себепті ол ағза үшін пайдалы болып табылады (бір жұмыртқада 5,53 г ақуыз бар). Осындай құрам арқылы өнім тойымды әрі нәрлі болып есептеледі.

Амин қышқылдары ағзадағы маңызды элементтер болып саналады. Олар адам денесіндегі түрлі биологиялық процестерге арқау болады, зат алмасуды реттеп, күш-қуат береді.

Бұлшық еттің өсуі және тауық жұмыртқасы

Жұмыртқаны тұтыну тестостеронның өңделуіне жағдай жасайды, бұл бұлшық ет массасы үшін таптырмас дүние. Сондай-ақ бұл зат ағзаның күш-қуат қорын толтырып отырады. Осыған сәйкес көптеген бодибилдерлердің өз тұтыну тағамдарына жұмыртқаны қосатыны сондықтан. Өнім бұлшықеттің өсуіне ықпал етуі үшін жұмыртқаның сарысын да, ақуызын да тауысқан дұрыс.



Жұмыртқаны қалай таңдау қажет?

Дүкен сөрелерінен олардың түрлі қаптамадағысын, үлкен-кішісін кездестіруге әбден болады. Алайда мұндай критерийлерге қарап таңдамау қажет. Ең жақсылары, «Омега-3» белгісі бедерленген жұмыртқалар болып есептеледі. Бұл дегенің тауықтар балық майы, балдыр және сұлы дәнімен қоректенді дегенді білдіреді. Бұл маңызды бөлік ағзада өндірілмейді және де тағам арқылы түсетіні белгілі.

Табиғи жұмыртқалар басқаларына қарағанда қымбатырақ болады. Иісі жақсы, ал сарысы қоңыр-сарғылт түсті болып келеді.

Фабрикалардағы жұмыртқаларда сарысы ақшыл келеді, көбінесе сарғыштау. Ең бастысы өнімнің құрамында болуы. Үй жағдайындағы жұмыртқалар пайдалы әрі нәрлі заттарға бай келеді.

Қандай тауықтардың жұмыртқасы жақсы келеді?

Торда қамалып отырған тауықтардың ба, әлде еркін жүрген тауықтардың жұмыртқасы пайдалырақ деген сауал көпшілікті мазалайтыны белгілі.

Сарапшылардың пікірі бойынша, таза ауа жұтып, ферма ішінде еркін қозғалып жүрген тауықтардың жұмыртқасы анағұрлым пайдалырақ болып есептеледі. Мұндай өнімдерде сәйкесінше: «тауықтарды торсыз қарау» немесе «еркін өскен» деген белгі де көрініс тауып жататыны және бар. Белгінің «тордан тыс» деген үшінші белгісі де болады. Мұны кезекті маркетингтік айла деп қабылдауға болады, яғни тауық қамалған тар торда ғана емес, еркін жемделіп өскені байқалады.

Дәмі жағынан еркін жүріп жұмыртқалаған тауық жұмыртқалары жақсырақ болып келеді.



Жұмыртқадан жасалған қандай өнімдер пайдалы болып есептеледі?

Тек қана жұмыртқаның дайындалуы емес, өзге де өнімдермен араласуы да маңызды болып есептеледі. Күнбағыс майына қуырылған шұжық қосылған жұмыртқа ағза үшін өте зиянды. Мұндай тамақ холестериннің артуына сеп болады. Қайнатылған жұмыртқа анағұрлым пайдалырақ. Дайын жұмыртқаға зәйтүн майын қосуға болады. Мұндай дуэт өте жақсы үйлеседі, өйткені зәйтүн майы антиоксиданттарға, құнарлы майларға өте бай.

Тауық жұмыртқасындағы ақуыз жақсы сіңуі үшін оны бөлек немесе крахмал қосылмаған көкөністермен бірге пайдаланған дұрыс (қияр, пекин, брюссель немесе ақ қырыққабат, кәді, салат жапырақтары, руккола, болгар бұрышы, т.б.).

Жақсы тауық жұмыртқасын тұтыну мүмкін болса, холестериннің көтерілетіндігіне алаңдамау керек. Мұндай өнім ағзаны көкөніс салатынан кем емес нәрлі заттармен байытатыны анық.


Дереккөзі: www.menslife.com
нравится:    347
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии