Авто
16 маусым 10:13
Таяуда автобустарға арналған жолақ Алматының бірнеше көшесінде пайда болады
Таяуда автобустарға арналған жолақ Алматының бірнеше көшесінде пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса"басылымына сілтеме жасап.


Алматының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, келесі кезекте Солтүстік айналма жолы тұр. Арнайы жолақ жайма базардың жанында пайда болады.

"Қазіргі таңда ол жерде дайындау жұмыстары жүріп жатыр, таяуда қоғамдық көліктер өз жолдарымен қатынайтын болады", - делінген жарияланымда.

Одан кейінгі кезекте "Орбита" ықшамауданы тұр. Бұл аумақтан басталатын арнайы жолақ Мұстафин көшесімен Жандосов, Тимирязев және Сейфуллин даңғылына дейін созылады. Бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Автобустарға арналған жолақ Райымбек даңғылында да пайда болуы тиіс.

Комментарии




Яндекс.Метрика