19 Август
02:01
Астана: 15 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 қазан 18:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тайланд королі Пхумипон Адульядет дүниеден озды

 
Тайланд королі Пхумипон Адульядет 89 жасында дүние салды. Ол әлемдегі ең ұзақ билік жүргізген патшалардың бірі саналады. Дәрігерлер соңғы жылдары денсаулығы сыр берген саясаткерге 2014 жылы ота жасап, өт қабын алып тастаған еді. Ал биыл жазда жүрегіне ота жасалған.
 
Пхумипон Адульядет (Рама IX атымен белгілі) 1946 жылдың 9-маусымында таққа отырған.
 
 
Тайланда король билік өкілетіне ие болмаса да, халық оны тұрақтылық символы ретінде пір тұтады. Патшаға немесе оның жақындарына тіл тигізу қылмыстық қуадалауға соқтыруы мүмкін. Мысалға, өткен жылы жергілікті тұрғын facebook желісінде патшаға сөз тигізгені үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
 
Дереккөз: BBC
нравится:    645
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии