18 Август
11:16
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
15 желтоқсан 15:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тайландта королдің итіне тіл тигізген азамат сотталады
Тайландта фабрика қызметкері ғаламторда мемлекет королінің итін қорлап жазғаны үшін ауыр жазалануы мүмкін. Сондай-ақ, 27 жастағы азамат әлеуметтік желілерде монархты кемсіткен түрде корольдің суретін жариялағаны үшін жауапқа тартылады.

b6ab4168a06cb08a32b583a00c2801f7

Айыпталушы 37 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оның адвокаты Аноно Нумпаның айтуынша, соңғы кездері монархияны қорғаушы компаниялар көбейген.

Заңгердің сөзіне қарағанда, заңда король мен оның отбасы мүшелеріне, ұрпағына тіл тигізегіні үшін жазалау ісі қарастырылған. Бірақ, монархтың үй жануарларына тіл тигізгені үшін айыптау шарасы жоқ екен.

“Ешқашан олардың король итіне қатысты заң қолданады деп ойламаппын. Бұл барып тұрған сандырақ”, – дейді қорғаушы.

Тайландта осы жылдың тамыз айында Facebook желісінде монархты айыптаған тұрғынды 30 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бұл корольге қарсы әрекет көрсеткендерге қолданған ең ауыр жазалардың бірі болған еді.

Дереккөзі: Stan.kz
нравится:    772
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии