14 Декабрь
23:04
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
2 тамыз 09:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тайландта пілдер референдум алдында үнпарақ таратып жүр


Тайландта осы аптаның аяғында жаңа конституцияны қабылдауға қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Оның алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан белсенділерге пілдерге дейін көмектесіп жүр. Тайландтың Аюттая провинциясында жолда кетіп бара жатқан пілді кездестіру қалыпты жағдайға айналған. Алайда алып жануарлардың үнпарақ таратып жүруі көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Сайлау комиссиясының қызметкерлері енді сүйікті сүтқоректінің көмегімен референдумда тұрғындардың дауыс беруге көптеп қатысуы үшін қам-қарекет жасауда.

Сухарт Парнпром, Аюттая провинциясы сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бізге референдум алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына 5 піл берілді. Осылай қолдау көрсеткені үшін жергілікті саябақ басшылығына айтар алғысым шексіз. Енді Аюттая провинциясындағы барлық 16 өңірдің тұрғындары жексенбіде өтетін саяси шарада белсенділік танытады деп үміттеніп отырмыз. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алып сүтқоректілердің жолдарда қиындық тудырып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны жайлы деректер тіркелмеген. Өйткені корольдікте пілдерге ерекше құрмет көрсетіледі. Кезінде олар тіпті елдің ұлттық туында да бейнеленген болатын.

Риантхонбат Мипан, ойын-сауық саябағының бас менеджері:
- Тайланд жұртшылығы үшін піл асыл қазына деп саналады. Олар көне заманнан бері біздің жанымыздан табылып жүр. Міне, көріп тұрғандарыңыздай, референдум секілді өзгерістер алдында тұрған кезімізде де олар қол ұшын беріп жатыр. Негізі, Конституцияның жаңа жобасын әскерилер ұсынып отыр. Олар екі жыл бұрынғы төңкерістен кейін билік тізгінін қолға алған болатын. Құжатқа 80-нен астам өзгерістер енгізіліпті. Сарапшылар осының арқасында әскери қызметкерлердің өкілеттілігі артып, биліктің бірқатар тармағының тәуелсіздігіне қауіп төнеді деген пікір айтуда.

Дереккөз: 24.kz 
нравится:    497
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии