17 Август
19:23
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
21 қаңтар 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тайваньда әйелдердің аяқ киіміне ұқсас шіркеу пайда болды

Жергілікті билік сол арқылы Будай қаласын қайта жандандырмақшы. Өйткені соңғы уақытта мұнда екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны артып кеткен. Салдарынан халық басқа өңірлерге жаппай көшіп жатқан көрінеді. Сол себепті ерекше пішінді шіркеу туристерді тартып, жаңа инфрақұрылым құруға септігін тигізуі мүмкін деген болжам бар. Биіктігі 17 метрден асатын құрылым сондай-ақ «май табан» ауруының құрбандарына ескерткіш ретінде тұрғызылған. Өйткені 60-жылдары су тапшылығы кесірінен құрамында күшаласы көп тіршілік нәрін ішуге мәжбүр болған халықтың арасында бұл дерт көп таралып кеткен болатын. Жалпы жергілікті шенеуніктер болашақта мұнда неке жүзігі пішіндес хауыз бен ерекше салтанат сарайын салуды жоспарлап отыр. Талия Пан, Ұлттық ландшафт әкімшілігінің қызметкері: - Кезінде «қара табан» ауруына шалдыққан адамдарды құтқарудың бірден-бір жолы ретінде науқастың аяғын кесіп тастайтын. Соның кесірінен қаншама ару тұрмысқа шыға алмай қалған еді. Енді мына шіркеуде адамдар үйленіп, талай қыздың арманы орнадалатын болады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    661
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии