Әлем жаңалықтары
19 шілде 16:52
Тайваньда туристік автобус өртеніп, 26 адам қаза тапты


Тайвань аралында туристер мінген автобус кенеттен өртенді. Салдарынан 26 адам қаза тапты. Ағылшын тілді RT хабарлауынша, автобус Таоюань халықаралық әуежайына кетіп бара жатқан жолда өртенген. Көліктегі болған жолаушылардың басым бөлігі қытайлықтар екендігі анықталды. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап жатыр.  Жалпы тілсіз жауға не себеп болғаны белгісіз.



Дереккөзі: www.24.kz 

Комментарии




Яндекс.Метрика