23 Сентябрь
04:36
Астана: 5 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
29 сәуір 16:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тайвань сенсациясы: Сәби 5 мың жыл анасының құшағында болған (ВИДЕО)



Тайвань археологтары сенсациялық жаңалық ашты. Олар сәбиін қолына алған  ананың мәйітін тапты. Нәресте анасының құшағында 5 мың жылдай болған екен. 
Бұл туралы NTD телеарнасы хабарлады.
Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық мұражайы антропология бөлімінің сақтаушысы Чжу Хуэйли археологтар мен мұражай қызметкерлері бұған таң қалғандықтарын айтты.  
Әйелдің тістері арқылы оның 4800 жыл бұрын, неолит дәуірінде өмір сүргені анықталды.  Жасы шамамен 20-ларда болған, ал нәрестесінің тісі шықпаған. Зерттеушілердің есептеуіне сәйкес, әйелдің бойы шамамен 160 см, ал баланың бойы 50 см болған. 
Бұл мәйіттердің жанынан археологтар ежелгі ыдыс-аяқтар мен 48 адамның мүрдесін тапты.
Ғалымдар осыған ұқсас жаңалықтарды бұған дейін де айтқан. Өткен жылы қытайлық археологтар ерте қола ғасырға тиесілі ана мен баланың қаңқасын тапты. Зертеушілердің шамалауынша, әйел жер сілкінісі кезінде баласын қорғамақ болды.




 
нравится:    1773
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии