26 Сентябрь
04:22
Астана: -4 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Кербез
6 қазан 09:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Таза балды қалай таңдауға болады?

Бал – емдік қасиеті мол табиғат сыйы. Ол ерте кезден-ақ халық медицинасында кең қолданып, көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина: “Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же” деген екен. Ал, Грецияның ұлы математигі Пифагор: “Менің көп жасауымның себебі – “үзбей бал жеуімнен”, — деп атап өткен. Осылайша, бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған. Балдың құрамында 60-қа жуық зат бар. Ол ең алдымен, иммунитетті нығайтады, түрлі инфекциялық аурулардың алдын алады. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, жүйке жүйесіне де оң әсері бар.

Ұйқысы қашқан, жүйке ауруларына шалдыққандарға да бал таптырмас ем. Мамандардың айтуынша, кешкісін жақсы ұйықтап, таңертең тынығып ояну үшін бір стакан суға бір қасық бал қосып ішудің пайдасы зор.

Көп жылғы ғылыми зерттеулер балдың асқазан аурулары мен жүйке сырқаттарын емдеуге пайдалы екенін көрсетті. Дәрімен ғана емделген адамдардың әрбір үшіншісінің ал, бал мен дәріні араластырып емделген екі адамның бірінің асқазан жарасы жазылғанын тәжірибе көрсетті. Асқазанда жарасы барлар мен асқазан қышқылы шамадан тыс көп адамдар балды таңертең және түскі тамақтан бір жарым екі сағаттай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағаттан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал асқазан сөлінің бөліну процесін тежеп, қышқылын төмендетеді, жүректің қыжылын басады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына жақсы жағдай туғызады.

Қазіргі таңда балдың түрі көптігінен сапалы, таза балды таңдау көпшіліккке қиындық тудырып жатады. Ал, таза балды мына белгілер арқылы білуге болады:

-Таза бал ешқашан сұйық болмау керек. Табиғи балды қоспа қосылған жасанды балдан ажырату үшін қолыңызға бір таяқша алып, балды араластырып көріңіз. Егер араласпай, айналмай тұрса, демек оның нағыз бал болмағаны. Онымен қоса, балды саусаққа жағып көріңіз. Біраз уақыттан соң саусағыңыз бір-біріне жабыса бастаса, демек балға қант қосылғаны. Нағыз балдың бір тамшысы саусақ ұшында жайылып кетпеуі керек.

Балдың таза екенін тағы мына жолдармен анықтауға болады:

-Йодтың ішіне бір шәй қасық бал салған кезде ыдырамайды.

-Күкірт шырпысының ұшын балға батырып, жаққан кезде таза бал жанады.

- Көшірме қаламның ұшын балға батырып жазғанда жазылады, түсі өзгермейді.

-Таза бал сасымайды, иісін білу үшін, иіскеген кезде өзінің табиғи иісі болуы керек.

​Baq.kz
нравится:    3242
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии