24 Апрель
10:24
Астана: 11 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 326.52
EUR/KZT: 399.33
RUB/KZT: 5.26
CNY/KZT: 51.78
Әлем жаңалықтары
7 желтоқсан 14:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тәжікстан басылымдарының 90%-ы қаржы дағдарысынан зардап шекті


Тәжікстан басылымдарының 90%-ы қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан зардап шекті. Бұл туралы Тәжік телеграфтық агенттігі (ТаджикТА) хабарлады.

“Тәжікстандық басылымдардың 90%-ы дағдарысқа тап болды”,- деп Тәжікстан ұлттық тәуелсіз БАҚ қауымдастығының төрағасы Нұриддин Қаршыбаев, Душанбеде өткен баспасөз кеңесінің жыл сайынғы отырысында мәлімдеді.

Ол сонымен қатар, басылымдардың көпшілігі айналымдарын 30-40%-ға қысқартқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Медиа консалтинг»  қоғамдық ұйымы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қорытындылары бойынша, республика басылымдарының көпшілігі қаржы дағдарысына және цензураға байланысты оқырмандарының 50%-ын жоғалтып алғаны анықталды.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    677
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии