20 Август
07:57
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 қазан 14:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тәжікстан мемлекеттік қызметкерге жұма намазға баруға тыйым салды
Енді мемлекеттік қызметтегі адамдар жұма намазына қатыса алмайды. Осындай ойға қонымсыз тыйымды Тәжікстан үкіметі шығарып отыр. Бірқатар шенеуніктер бұған дейін жұма намазын оқуға ешқандай кедергі болмағанын айтуда.
«Екі аптадай бұрын, Құрбан айт мерекесінен кейін басшылық жұмыс орнын тастап жұма намазына баруға тыйым салды», – дейді мемлекеттік қызмет өкілдері.



Аталмыш ақпаратты Тәжікстан республикасы үкіметі жанындағы Дін істері және салт-дәстүрді реттеу комитеті растап отыр. Белгілі болғандай, құзырлы мекеме қызметкерлері енді жұма күні мешіттерді бақылап, «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілі туралы» заңының (Заңда 18 жасқа дейінгі балалардың мешітке келуіне тыйым салынады) орындалу барысын қадағаламақ. Алайда, бұл заң мемлекеттік қызметкерлердің жұма күні жұмыс орнында болуы керектігін де талап ететін көрінеді. Тәжікстанда жұма намазы сағат 12-ден 13:20-ға дейін жалғасады. Ал, мемлекеттік мекемелерде берілер түскі ас үзілісі – сағат 12 мен 13:00-дің аралығы.
Бүгінде парламент депутаты, бұрынғы Дін істері комитетінің төрағасы Абдуррахим Холиков Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері намазды жұмыс уақытынан тыс кезде ғана оқуға рұқсат екенін мәлімдеген еді.  Оның айтуынша, жұмыс уақытында жұмыс істелуі керек, ал құлшылықты заңнамада көрсетілген еңбек уақыты мен орнынан тыс кезде орындауға рұқсат.
Еске сала кетсек, Тәжікстан Жоғарғы соты өткен қыркүйек айында Ислам жаңару партиясын террористік деп танып, оның қызметіне тыйым салды. Сондай-ақ, заң талаптарына сәйкес емес деген ұйғарыммен елдегі 100-ге жуық мешіт есігіне құлып салынды.

Дереккөзі: http://muslim.kz/
нравится:    749
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Ақан2015-10-16 17:14:16
    Адам құқын бұзу болады.