22 Сентябрь
12:27
Астана: 9 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
4 шілде 12:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тәжікстанда ағайын-туысқан арасындағы некеге тыйым салынды

Тәжікстанда 1 шілдеден бастап жақын туысқандар арасындағы некеге тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
 
Атап айтқанда Отбасы кодексіне түзетулер енгізілген. Аталмыш түзетулер туған ағалы-қарындас, апалы-інілі туысқандар арасындағы, немере бауырлар, бөлелер арасындағы некеге тыйым салады. Әкелері бір, шешелері бөлек бауырлардың да некелесуіне болмайды. Сондай-ақ бір ананың сүтін емген жандардың да некелесуіне жол жоқ.
 
Сонымен қатар 1 шілдеден бастап некеге тұрар алдында медициналық тексеруден өтуді міндеттейтін норма енгізіледі. Агенттіктің хабарламасында: «Тәжікстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар некеге тұрғанға дейін тіркелген немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау саласының мемлекеттік мекемелерінде медициналық тексеруден тегін өтеді»-делінген. Некеге тұратын адамның медициналық тексеруден өткенін растайтын құжат некені тіркеу процедурасындағы міндетті құжат болып табылады.
 
Агенттік келтірген статистикалық деректерге назар аударсақ өткен жылы Тәжікстанда дүниеге келген 26 мың мүгедек бала жақын туысқандар некелескен отбасында дүниеге келген. Ал 10-20 пайызының ата-анасы жұқпалы ауруларға шалдыққан.
 
нравится:    594
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии