Әлем жаңалықтары
5 шілде 10:44
Тәжікстанда жұма намазына бармайтын шенеуніктердің күнәсі кешіріледі

Тәжікстандағы Ислам орталығына қарасты үлемдер кеңесі жұмыстың көптігінен жұма назамына бара алмайтын шенеуніктерді күнәһарлар қатарынан шығарды.
Басылымның хабарлауынша, бұл мәселені жергілікті тұрғындардың бірі көтерген. Ол үлемдер кеңесінің ресми сайтына хат жазып, мемлекеттік қызмет салдарынан жұма намазына бара алмайтын мұсылмандардың күнәсі жайында сұрапты. Дін ғалымдары болса мемлекет пен халық үшін қызмет етіп жүрген азаматтар жұма күнгі діни рәсімге қатыспаса да болады дейді, яғни олар үшін кешірімді. «Жұма намазына бара алмайтындар күндізгі құлшылығын жасаса жетіп жатыр», — делінген үлемдер кеңесінің сайтында.
Айта кетейік, 2015 қараша айынан бастап тәжікстандық шенеуніктерге жұма күні мешітке барып, намазға қатысуына тыйым салынған болатын. Үкімет жанындағы дін істері жөніндегі комитет бұл ақпаратты растап отыр. «Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында кеңеседе отыруы керек. Жұмыс уақытында міндетті түрде жұмыс істеп, бос уақытын дінге арнаса болады», — дейді комитеттегілер.

Дереккөз: sn.kz
 

Комментарии




Яндекс.Метрика