26 Сентябрь
20:34
Астана: 3 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
29 мамыр 15:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тәжікстанның ІІМ полковнигі "Ислам мемлекетінің" қатарына қосылғанын мәлімдеді
Тәжікстанның ІІМ полковнигі "Ислам мемлекетінің" қатарына қосылғанын мәлімдеді


Тәжікстан ІІМ ОМОН командирі, полиция полковнигі Гулмурод Халимов өзінің "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының сапына қосылғандығын мәлімдеді. Ол сәуір айының соңында із-түссіз жоғалып кеткен болатын деп хабарлайды BBC News.
Осынау бейнемәлімдемені полковник Халимов интернет арқылы жариялады. Видео Сирияда түсірілген. Онда Халимов Тәжікстан билігіне наразылық таныту үшін әдейі "Ислам мемлекетінің" қатарына қосылғандығын айтқан. Өйткені, елдегі мемлекеттік ғимараттарда намаз оқуға және діни киімдер киюге тыйым салынған.
Халимов мәлімдемені ана тілінде емес, орыс тілінде жасады.
Полковник жоғалып кеткеннен кейін арнайы қызмет өкілдері оның лаңксетік топқа өтіп кеткендігін болжаған болатын. Бұл туралы жергілікті БАҚ беттерінде де жарияланды. 

Дереккөзі:Baq.kz 
нравится:    779
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии