13 Декабрь
09:46
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
17 маусым 18:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тбилиси зообағынан қашып шыққан пингвин Әзірбайжанға дейін жүзіп барған
Тбилиси зообағынан қашып шыққан пингвин Әзірбайжанға дейін жүзіп барған


Өткен аптада Тбилисидегі су тасқыны кезінде зообақтан ашып шыққан африкалық пингвин Әзірбайжан шекарасына дейін жүзіп барған.
 «Грузия Online» порталының хабарлауынша, құсты Храми өзеніндегі Қызыл көпір астынан тауып алған. Тбилиси мен осынау көпірдің арақашықтығы 60 шақырымды құрайды.
Ал хайуанаттар бағының өкілдері пингвинді алдыртуға мамандардың кеткендігін хабарлап отыр. Жақын күндері ол қайта торға қамалатын болады.
Айта кетейік, африкалық пингвиндер Тбилиси зообағына 2014 жылдың шілде айында әкелінген болатын. Ұлыбританиядан жеткізілген құстар үшін үлкен бассейні бар қоршау жасалды. Онда құм төселіп, шағын үңгірлер де жасалды.
Естеріңізге салайық, сенбіден жексенбіге қараған түні Грузия астанасы Тбилисиде толассыз жауға жаңбыр салдарынан Вэра өзені арнасынан асып, қаланың біраз бөлігін су шайып кеткен болатын.
Табиғи апат салдарынан 15 адам қайтыс болып, 37-сі жарақаттанды. Сондай-ақ, хайуанаттар бағы толықтай қирап, ондағы жыртқыш аңдар мен жан-жануарлар бостандыққа шығып кетті. Ал шыға алмағандары тұншығып өлген.
Тәртіп сақшылары жыртқыштарды аулай алмағандықтан көпшілігін атып тастауға мәжбүр болды. Арасында арыстан мен аюлар және қасқырлар бар.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    754
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии