12 Декабрь
10:16
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 10:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Театрда ерлі-зайыпты әртістер бірге қаза тапты
Ғабит Мүсірепов атындағы өнер шаңырағында қаза болған ерлі-зайыпты әртістердің артында екі қызы қалды деп хабарлайды 31 арна.

Он бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан белгілі актер Мұхитдин Шынтаев пен жұбайы актриса Гауhар Шарипаның қанға бөккен мәйіті 25 мамыр кешкісін актерлерді бояндыратын бөлмеден табылған.

Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаса керек. Соның барысында күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салып, артынша өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Құпия өлімнің нақты себебі тек құзырлы органдардың арнайы тексерісінен кейін белгілі болмақ. Бейбіт күнде екі әріптесінен айырылған өнер ұжымы әлі өз-өздеріне келе алмай отыр.

Өмірде де, өнерде де бірге келе жатқан Мұхитдин Шынтаев пен Гауhар Шарипа арғы дүниеге де бірге кетті. Әріптестері ерлі-зайыптыны соңғы рет кешегі  репитициядан бірге шыққандарын ғана  көргенін  айтады.

Екеуі кеше ғана дайындықтан шыққан адамдар. Жарқын бәрі күліп жүрген адамдар соның арасында сағат үш пен төрттің кезінде болған нәрсе дейді.

Мұхит пен Гаухар  көзі тірісінде «өнердегі әкеміз» деп атап кеткен театр ақсақалы Тұрсын Құралиев те әлі өз-өзіне келе алар емес. Көңілдерінің  мұңайғанын, құлазыған кездерін осы уақытқа дейін көрсеткен емес  дейді.

Талантты жастардың  тағдыры актерлерді бояндыратын бөлменің ішінде  қиылған. Бірақ, Мұхит Шынтаевтың өз жарына пышақ салуы мүмкін болатындай қандай күйзеліске түскенін ешкім білмейді. Әріптестерінің айтуынша, театрдан да ешқандай теперіш көрген емес. Көзі тірісінде он шақты спектакльде басты рөлді сомдап, кино саласында да бағы жанған актер.  Ерлі-зайыптының театр сахнасындағы ең соңғы қойылымы “Бұлбұлдар түні” атты спектакль екен.


Қазір бірнеше факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Алайда, нақты дәйексіз түсініктеме беруге батпаған құзырлы орган қызметкерлері құпия өлімнің сырын тек арнайы тексерістен кейін ашатындарын айтты.

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында 15 жыл бойы әртүрлі рөлдерді сомдаған Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованың денесі ертең қара жердің қойнына табысталады. Отыздан асқан шақтарында өмірмен қош айтысқан ерлі-зайыптының артында 2 баласы қалды.

Дереккөз: 31 канал
нравится:    803
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии