17 Декабрь
21:30
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 сәуір 09:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тегін фотолар бар ең үздік 70 ресурс
Сайт немесе блог үшін жақсы сурет іздеу, қазына іздеумен тең, сонымен қатар авторлық құқықты бұзбау да қажет. Бұл мақалада мыңдаған суреттерді жүктеп алуға болатын ең үздік суреттер қорын жинадық.  Қажеттеріңізғе жарайды деп үміттенеміз!

Dreamstime — тегін контентті бөлек бөлім, жиі жаңартылып отырады. Пайдалану үшін тіркелу қажет.
Free Digital Photos — категорияларға бөлінген үлкен қор. Барлық суреттерді білім алуға, жеке мақсаттарға немесе кәсіпкерлік мақсатында пайдалануға болады.
Free Images — категорияларға бөлініп, тақырып бойынша іздеуге болатын 35 мыңнан астам суреттер бар үлкен галерея. Жүктеу үшін авторизация қажет.
Free Range Stock — жоғары сападағы  фотолар бар қор. Қолдану үшін сайтқа кіріп  логин және құпиясөз арқылы тіркелу қажет.
Free Photos Bank — тегін фотолар топтамасы,  жүктеу үшін тіркелу қажет емес. Барлық суреттер категорияларға бөлінген, тақырып бойынша іздеуге болады. 


tumblr

IM Free —  жария дереккөздерден алынған графика мен фотосуреттер топтамасы. Коммерциялық бағытта да пайдалануға болады. Түйінді сөздер бойынша іздеуге болады.
Morguefile —  жеке веб-жобаларға пайдалануға болатын, әртүрлі фотографтардың фотосуреттерінің топтамасы. Сайтқа тіркелу қажет және пайдаланатын суртеттерге авторларын  жазу қажет.
Pixabay — Creative Commons лицензиясы бойынша таратылатын және авторлық құқықпен қорғалмаған, тегін фотолардың қоры.
Public Domain Pictures — әуесқой авторлардың тегін фотосуреттер репозиториясы. Қолданыс үшін жылдам тіркелуден өту қажет. Үлкен суреттерді жүктеу үшін төлейтін аккаунт қажет.
Stockvault — фотографтар мен дизайнерлерге арналған фотолар қоры. Өз жұмыстарыңызды жариялап, басқа біреудің суреттерін жеке және комммерциялық емес мақсатта пайдалануға болады. Тіркелу қажет емес.
Rgbstock — фотографтар мен графикалық жұмыстардың авторларына арналған тегін фотолар қорының сайты. Тіркелу міндетті түрде қажет.
Ancestry Images — тарихи принттер, карталар және географиялық экспедициялардың  ескі суреттерінің  және фото тілшілердің суреттер топтамаларының тегін жиынтығы.


foodiesfeed

BigFoto —әуесқой суретшілердің фотоларының тегін галереясы. Географиялық аймақ бойынша каталог бар.
Gratisography —  жеке және коммерциялық бағытта пайдалануға арналған тегін әрі жоғары сападағы суреттер. Жүктеу оңай, апта сайын жаңартылады.
Death to the Stock Photo — ай сайын өзіңіздің электрондық мекенжайыңызға тегін, сапалы суреттерді алуыңызға болады.
FreeMediaGoo — әртүрлі медиа жобаларға пайдалануға болатын фотосуреттердің тегін медиа қоймасы. Тізімдерге бөлінген және түйінді сөз арқылы іздеу бар.
Hubspot — маркетингті платформа, негізгі қызмет түрінен бөлек өздерінің мекенжайлары мен электрондық  поштасын тастаған жазылушыларға тегін фото пакеттерін ұсынады.
iStock — ресурс, апта сайын тегін суреттер  топтамасын шығарады, тіркелуді қажет етеді.


pexels

Little Visuals — жоба, тіркелген кезде көрсетілген email –ге апта сайын 7 жоғары сападағы суреттерді жібереді. Топтамалары әртүрлі: индустриялық қалалардан бастап  табиғат көріністеріне дейін.
New Old Stock — авторлық құқықпен шектелмеген қолжетімді архивтерден алынатын винтажды фотоларды онлайн-таңдауға болады.
PicJumbo — сайтқа тіркелмей суреттерді тегін  жүктеуге болады. Ресурс бойынша іздеу жоқ, категория бойынша таңдауға болады.
Pickupimage — тегін суреттер қорының үлкен онлайн-коллекциясы, негізінен табиғат және табиғат көріністері бейнеленген. Коммерциялық бағытта да көшіріп, таратуға болады. Тіркелу міндетті емес.
Superfamous — голланд дизайнерінің сайты, іріктелген материалдар Creative Commons Attribution 3.0. лицензиясы бойынша жарияланады. Лицензияның шартына сәйкес фотоларды фото авторына сілтеме қою арқылы пайдалануға болады.
Unsplash — сайт әр 10 күн сайын өз пайдаланушыларына оншақты тегін  әрі жоғары сападағы суреттерді ұсынады.

Wikimedia Commons — категорияларға бөлінген 21 млн жуық файлдар бар медиафайлдардың ашық қоймасы.
Can We Image —Wikimedia Commons қорынан іздеу мен нәтижелерді көрсететін жоба. Барлық табылған сілтемелер авторлық контентті , алғашқы бетке  апарады.


pexels

Compfight — Flickr- дан суреттерді іздеуге арналған жүгірткі.  Flickr API  және іздеу параметрлері пайдаланылады.
Creative Commons Search — Creative Commons  лицензиясы бойынша сурет іздейтін сайт. Flickr and Google-мен интеграцияны  және арнайы параметрлер бойынша іздеуді  қолдайды.
Foter — Flickr  арналған іздеу құралы, қажет болған лицензия параметрлеріне сәйкес суреттерді тез табуға көмектеседі.
Google Advanced Image Search — әртүрлі сайттарда орналасқан суреттерді табуға арналған кеңейтілген іздеу.  Google –дің іздеу мүмкіндіктері пайдаланылады.
Every Stock Photo — тегін  суреттерді іздеу жүйесі. Көптеген дереккөздермен жұмыс істейді, қажет болған лицензия түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Image Finder — танымал Flickr  фотохостингке негізделген, Creative Commons лицензиялы фотосуреттерді іздеуге арналған іздеу жүйесі. Коммерциялық және коммерциялық емес лицензия бойынша фильтрді пайдаланады.
PhotoPin — Flickr-ге негізделген Creative Commons лицензиялы суреттерге арналған  жүйе.   
StockPhotos.io — 25 мыңға жуық суреттер бар фотографтардың  кәсіби қауымдастығы.
TinEye — сурет іздеуге арналған жүйе. Ол арқылы суреттің дереккөзін  табуға, пайдалану түрін табуға, суреттің жоғары анықтықтағы модифицирленген нұсқасының бар жоқтығын тексеруге болады. 


pexels

Canva — дайын графика мен суреттердің негізінде  блогтарға арналған жаңа иллюстрациялар дайындауға арналған құрал.
Getty Images — ресурс, фотосуреттер мен графиканы компьютерге жүктемей қажет болған сайтқа авторы мен дереккөзін нұсқап  қоюыңызға болады.
Pinterest — инфографика мен тақырыптық суреттер жинақтарының әуесқойларына арналған әлеуметтік желі.
The Stocks — барлық желі бойынша тегін фотолардың агрегаторы. Алынған дереккөзіне байланысты барлық суреттер категорияларға бөлінген.
Pexels — әртүрлі тақырыптағы суреттері бар тегін сток сервис.
All the Free Stock — тегін сток сервистерінің суреттерін жинайтын агрегатор.
Designers Pics — жоғары анықтықтағы тегін суреттерді жинайтын сайт.  Барлық суреттер категорияларға бөлінген.
Splashbase — тегін фотолар мен видеороликтерге мамандандырылған сервис.
Startup Stock Photos — стартаперлерге арналған тегін суреттер жинағы. Негізінен корпоратив және бизнес тақырыптарына арналған суреттер.
Jay Mantri — фотограф Джей Мантридің жоғары сападағы тегін суреттері.
Moveast — «менің суреттерім тегін болу керек» деп шешкен португалды фотографтың тегін суреттер галереясы.
Travel Coffee Book — саяхат кезіндегі суреттерге арналған фотосток. Кез келген пайдаланушы суреттерді жүктей алады немесе өз суреттерін жүктеуіне болады.


arthurweill

Jeshoots — 23 жасар фотограф  Ян Васектың суреттері жиналған сайт. Көбінесе Васек гаджеттерді, тамақты дайындау процессін, ыдыстарды, гүлдерді жете түсіреді. 
Picography — Hidden Depth студиясының жоғары анықтықтағы тегін суреттер сервисі.
Magdeleine — күн сайын сайт редакциясы  фотостоктар мен фотографтардың жеке сайттарынан бірнеше тегін суреттерді таңдайды, бір сурет негізгі бетке шығарылады.
Snapographic — жеке және коммерциялық бағытта пайдалануға болатын тегін суреттер жинағы.
Splitshire — әртүрлі тақырыптағы тегін суреттер қоймасы.
Life of Pix — сайттың қоры апта сайын жаңартылады. Жоғары анықтықтағы тегін суреттерді әкімшілік  таңдайды.
Public Domain Archive — жоғары анықтықтағы суреттерді жүктеуге болатын тегін фотосток.
Cupcake — Йонас Нильссон Ли  фотографының жеке сайты. Ондағы барлық суреттерді тегін пайдалануға болады.
The Pattern Library — тегін «паттерн»-суреттер  коллекциясы жиналған сервис. Оларды сайттардың фонына немесе басқа да бағыттарда пайдалануға болады.


arthurweill

Getrefe — Getrefe  сервисі тегін стокты сайт емес, бірақ онда тегін фотоларға арналға бөлім бар. Жоба «нақты өмірде» түсірілген суреттерге мән береді.
ISO Republic — — «Сәулет», «Urban», «Табиғат», «Адамдар», «Текстуралар» және  «Әртүрлі» категорияларына бөлінген, тегін суреттер галереясы.
Stockpic — жазылушыларға сервис командасы екі аптада бір рет 10 жаңа, тегін, жоғары анықтықтағы фотоларды жібереді. Сайттан жоба қорының барлық суреттерін көруге болады.
Kaboompics — тағы бір тегін фотосервис.
Function — басқа ресурстағы тегін суреттерге сілтеме табуға болатын және суреттер коллекциясын жүктеп алуға болатын дизайн-блог.
Stock Up —  ыңғайлы іздеуі бар тегін стокты фотолар сервисі.
Paul Jarvis — кәсіби емес фотограф Пол Джарвистің сайты.  Жоғары сападағы ең үздік 20 суретін жүктеп алуға болады.
Lock & Stock Photos — фотограф әрі SMM-маманы Эй-Джей Монпети өз суреттерін орналастыратын сервис. Барлық суреттерді тегін жүктеп пайдалануға болады.
Raumrot — қорында 639 фото бар, коммерциялық бағытта пайдалануға арналған тегін сток сервис.
MTT — фотограф Джеффли Беттстің сайты. Барлық суреттерді тегін жүктеп алуға болады. Беттс көбінесе гүлдерді, қала, табиғат көріністерін және гаджеттерді түсіреді.

bilim-all.kz
нравится:    587
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии