19 Ноябрь
18:06
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
13 сәуір 12:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тегін саяхаттауға мүмкіндік беретін бағдарламалар

Саяхатқа шығу үшін қомақты қаржының да қажет болмайтын сәті болады. Студент қауымынан болсаңыз, түн ұйқыңызды төрт бөліп, біліміңізді байытып, мемлекеттік немесе университет гранттары арқылы армандаған еліңізге бара аласыз. Бірақ білім алып, саяхаттаудан бөлек шетелге барудың қандай жолдары бар? 

Волонтерлер үшін

Conservation VolunteersЕгер табиғат қорғаушысы болсаңыз, бұл бағдарлама дәл сіз үшін. Жоба ұсынған түрлі волонтерлік бағдарламалар арқылы Аустралия мен Жаңа Зеландияның түкпір-түкпіріне бара аласыз.

VSO

Волонтерлік бағдарламалар ұсынатын халықаралық қайырымылық ұйым. Ресурстан денсаулық сақтау, экология, экономика, білім беру және басқа салалар бойынша волонтерлік жобаларды таба аласыз.

United Nations Volunteers

Жасыңыз 25-ке толса, жоғары біліміңіз бар болса және ағылшын, испан, француз тілдерінің бірін меңгерген болсаңыз БҰҰ-ның да волонтері бола аласыз.

SE7EN

Жаныңызға жақын кез-келген волонтерлік бағдарламаны табуға болады. Мысалы, жапондық зообақтағы пандаларды емдеуге немесе Багам аралдарына тәуелсіз зерттеу станциясымен бірге акулаларды зерттеуе бара аласыз.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша

Help ExchangeБұл ресурста әлемнің түрлі елдерінің тұрғындары саяхатшыларды өздерінде тегін өмір сүруге шақырады. Ал сіз оларға шаруашылықта немесе шағын кәсібіне көмектесуіңіз қажет. Басқа елге барып қана қоймай, дәстүрі мен мәдениетімен танысудың тамаша әдісі. Өзіңіздің ыңғайыңызға келетін жұмыс түрін таңдап, иесімен хабарласасыз. Мысалы, күніне 3-4 сағат уақытыңызды жұмсап, итальяндық фермерлікті тәсілдерін үйреніп алуға болады.

WWOOF

Бұл ресурста дүние жүзінің бұрыш-бұрышындағы тұрғындар хабарландыру қалдырады. Оларға органикалық ауыл шаруашылығымен айналысатын тегін жұмыс күші қажет. Ал сізге тегін баспана және тамақтану ұсынады.

Appalachian Trail

Табиғатты жақсы көретін жастарды қатарына шақыратын тағы бір коммерциялық емес ұйым. Сіз АҚШ-тағы Мэн до Джорджии штатындағы 250 000 акр немесе 1012 шаршы шақырым аумақтың қоршаған ортасын сақтауға атсалысасыз.

 Білім беру бағдарламалары

Youth in Action

30 жасқа дейінгі жастарға арналған білім беру бағдарламасы. Еуропалық одақ коммерциялық емес ұйымдардың түрлі елдердегі жобаларына арнап гранттар ұсынады.

Бағдарлама тегін оқу үсынып, ұшудың, виза мен жатын орын төлемінің 50 пайызын төлейді. Бұл жобаның қатысушысы атану үшін, сайттағы тренингтердің біріне өтініш жіберу қажет.

AIESEC

Тәжірибеден өту, академиялық мобильдікке қатысты алуан түрлі бағдарлама ұсынатын халықаралық жастар ұйымы. ЖОО студенттері мен түлектерінің әлемнің 113 елінде волонтер болуға да мүмкіндіктері бар.

Туристік

Find a crew

Егер теңіз ауруымен ауырмасаңыз, круизді лайнердің, яхтаның немесе катамаран командасының мүшесі болуға мүмкіндігіңіз бар. Өз еңбегіңізді мұхиттағы таңғажайып саяхатқа айырбастай аласыз. Vagabond Sailing бағдарламасы да (Азия, Жеорта, Мұхит аралдары) дәл осы үлгіні ұсынады.

Couchsurfing

Каучсёрфинг — әлемдегі ең ірі туристік қонақүй желісі. Бұл қоғамдастықтың мүшелері саяхат кезінде бір-біріне тегін баспана ұсынып, бірге саяхат ұйымдастырады.

7kun.kz
нравится:    770
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии