21 Август
10:32
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
8 маусым 11:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Телефонға алданған бойжеткен пойыз астына түсіп, тірі қалды


Оқиға Мумбайдың Курла теміржол станциясында (Үндістан) орын алған.

19 жасар Натекар Пратикша рельс арқылы өтіп келе жатқан сәтте құрбысымен телефон арқылы хат-хабар алмасып, құлаққаппен музыка тыңдап, жақын келіп қалған пойызды байқамай қалған.
 
Видеодан бойжеткенді байқап қалған перрондағы жолаушылардың оның өміріне алаңдаушылық танытып, оның назарын өздеріне аударып, пойыз туралы хабарламақ болған сәті бейнеленген. Тіпті, олардың кейбірінің бойжеткенді құтқаруға тырысқан сәттерін де байқауға болады.
 
Бойжеткен болған оқиға туралы өз аузымен былай деп баяндайды: "Мен рельстен өтіп келе жатып, пойызды кеш байқадым. Сол сәтте мен не істерімді білмей, алдымен платформаға қарай жүгірдім, сосын тіке пойыздың астына түстім".

Бойжеткеннің бағына қарай, машинист дер кезінде тежегішті басып үлгерген. Натекар Пратикша басынан жеңіл жарақаттар ғана алды. Ол қазір дәрігерлердің қарауында болып, оның денсаулығына қауіп төніп тұрмағандықтан үйіне босатылған.





Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
нравится:    310
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии