Әлем жаңалықтары
12 қазан 09:41
Тележүргізуші тікелей эфирде ураганның құрбаны бола жаздады




АҚШ-тың Флорида штатында тележүргізуші Джим Кантор тікелей эфирде ауа райына қатысты репортаж түсіріп тұрған кезде Майкл ураганының құрбаны бола жаздады. Панама-Сити қаласында көшеге шығып, телекөрермендерге ураган туралы мәлімдей бастаған тележүргізуші қатты жел мен нөсер жауынның салдарынан біраз қолайсыздықтарға тап болып, тепе-теңдігін әрең сақтап тұрған.
 
Бір сәтте қатты желмен аспанға көтерілген ағаш тақтай журналистің төбесінен ұшып өтіп, оның өміріне қауіп төндірген.
 
Қауіпті дер кезінде байқап қалған ол тез арада шетке қашып үлгерген. Арада бірер секунд уақыт өткен соң басына қорғаныс каскасын киген журналист тікелей эфирге қайта оралып, жұмысын одан әрі жалғастырған.
 
Оқиғаға қатысты видео Twitter желісінде жарияланды.
   
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Флорида штатында Майкл ураганы 2018 жылғы 10 қазанда болды. Ол 1851 жылдан бері осы өңірде орын алған ең күшті табиғи құбылыс болып табылады.


Дереккөзі: КорреспонденТ

Комментарии




Яндекс.Метрика