Әлем жаңалықтары
25 наурыз 15:44
«Темекі шегіп тұрған» піл ғалымдарды таң қалдырды


Үндістандағы Nagarahole ұлттық паркінде аузынан түтін шығарып тұрған ұрғашы піл бейнеленген видеоролик Жабайы табиғатты қорғау қоғамының (WCS) ғалымдарын таң қалдырды, деп хабарлайды Gazeta.ru.

"Мен піл ағаш көмірін жеуге әрекеттенді деп ойлаймын. Ол тұмсығымен жерден көмірді алып, аузымен үрлеп, күлін тазартып жеп тұрған болуы тиіс", - дейді WCS-тің пілдерді зерттейтін маманы Варун Госвами.

Видеоны паркте орнатылған фотоаппараттардың біріне жазылып қалған. Мамандардың айтуынша, ағаш көмірі жануарлардың денсаулығына өте пайдалы көрінеді.



 

Комментарии




Яндекс.Метрика