|    |  
19 қыркүйек 2019
17:31
қаз
Темекіні қалай тастауға болады?
25 тамыз 2017, 14:25 64

Бүгінде ұртына темекі қыстырып, будақтата жөнелетін жастарды да, жасамыстарды да көптеп кездестіруге болар әрине. Бірақ олардың көпшілігі сол темекіні қалай бастағанын, не үшін шегіп кеткенін өздері білмейді. Әйтеуір «шегемін деп шекпедім ғой», «алғашында бұған аңсарым аумаған-ды», «осылай шегіп кетемін деп әсте ойламаппын» деген сияқты түрлі себеп-сылтауға толы, тіпті негізі жоқ әңгімелерді сөз етіп, сан алуан мысалдарды алға тартады. Айтып-айтпай не керек, олар кәдімгі шылымқордың өзіне айналып, ол болмаса жүре алмайтындай, сол темекіні шекпесе басы ауыратындай, ең ақыры нервін өлтіріп, «кәлласын» қозғайтындай соған құнығып та, һәм құмартып та тұрады. Қысқасы, темекі оның сырлас досына, жан жолдасына, жақын адамына айналады. Сондықтан, шылымқордың темекіні біржола тастаудан бас тартқаннан гөрі, біртіндеп тастағаны дұрысырақ болады. Бұл тарапта кім-кімге болсын әлгі досынан, жолдасынан, адамынан оңай айырылып, қимасы анық қой. Осы тұрғыдан келгенде, біз шылымқорға темекіні біртіндеп тастаудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынғанды жөн көрдік. 

Шылымқор алдымен өзіне-өзі шарт қоюы арқылы темекіні тастауына болады. Мұнда оның өзі қойғысы келетін ниеті болуға керек. Өз кезегінде ол шарттар әлгі ниетпенен тікелей қабысып жатуға тиісті. Ендеше сол шарттардың қатарына мыналарды жатқызамыз:

1. Жұмыс уақытында, көшеде темекі тартпаймын;
2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын;
3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын;
4. Таңертең ашқарынға шылым шекпеймін;
5. Автокөлік жүргізіп келе жатқанда темекі тартпаймын;
6. Темекі шеккім келсе де, оны ұмытыңқырауға, ол туралы ойламауға, мүлде іздемеуге тырысамын. 

Жоғарыда айтқанымыздай, темекіні біртіндеу тастау керек. Ол үшін мамандардың мынандай ақыл-кеңестеріне құлақ түрген мақұл.

1. Темекінің маркасын ауыстырып, иісі мен дәмі жеңіл түріне көшу қажет.
2. Бір тал темекіні қайшымен қырқып, үштен бір бөлігін ғана тартыңыз.
3. Ауырған кезде адам ағзасы темекіні іздемейтіндіктен, мұндай жағдайда мүлдем темекі тартпауға тырысыңыз.
4. Рамазан айында ораза ұстап, күндіз темекі шекпеуге дағдылана отырып, Рамазан біткенге дейін темекіден толықай бас тартуға болады.
5. Темекіні қойып жүргеніңізде, оны іздей бастасаңыз, ауызыңызға кәмпит немесе құрт сияқты тәтті, ащыларды салып, соны ермек етіңіз.
6. Темекіні тастаған соң, денсаулығыңызды арнайы күтімге алыңыз: жеміс-жидектер мен көкіністері мол тамақты дұрыс пайдаланыңыз, дене еңбегімен көбірек айналысыңыз.
7. Темекіні тастаған алғашқы мезгілде темекі тартпайтын дос-жаранмен көбірек араласуға, темекі тартатын таныстарыңыздан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. 

Д. САПАРБАЕВА

Дереккөз: jastar.kz


Жаңалықтар