12 Декабрь
12:32
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
4 қыркүйек 10:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Теңізде қаза тапқан үш жасар бала – Сирияның символы
Әлемнің алуан түрлі елдері суретшілерінің қазіргі күндергі суреттері Түркия жағалауында қаза тапқан 3 жасар Айлан Курдиге арналуда. Сирия дағдарысының символы сияқты бұл баланың қазасы дүйім жұрттың жүрегін ауыртып отыр. Бұл туралы buzzfeed.com хабарлады.



Қыркүйектің 2-сі күні жұрт теңіз жағасында беттерін жерге қарай беріп, құлап жатқан 3 жасар Айлан Курди мен оның 5 жастағы бауырының мәйіттерін тауып алды. Олардың екеуі де түріктің Бодрум қаласынан шығып, Кос аралына қарай жүзіп бара жатып, аударылып кеткен қайықтың ішінде болатын. Жазған бүлдіршіндер Канадада тұратын тәтелеріне жетіп алғылары келген екен.



«Әр тәулік сайын әлемде 42 мың адам баспаналарынан айрылып, бастары ауған жаққа қарай қашуға мәжбүр. Мұны ұғынықтырақ болуы үшін былай жеткізуіміз керек: қазір Жер бетіндегі әрбір 122-ші адам босқын немесе көшке ілесуші болып тұр», – деп жазады Владимир Абринов.

Бірақ өздерінің ата қоныстарынан үдере көтерілгендердің бәрі бірдей Еуропаға жетіп жатқан жоқ. Олар не өз елдерінен шыға алмай қалады, не көрші елден арыға асуға шамалары жетпейді.





Өткен жылы босқындарды барынша көп қабылдаған ел Түркия болды. Онда барып, 1,59 миллион адам тұрақтады. Оның соңынан Пәкстан (1,51 миллион), Ливан (1,15), Иран (982 мың) келеді. Босқындардың 86 пайызын дамушы елдер қабылдауда. Барлдық босқындардың бестен бір бөлігі – 3,6 миллион адам әлемдегі ең кедей елдерден пана табуда.






Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жартылай қирап қалған Еуропада 50 миллиондай босқын мен кезбелер бар еді. Бүгінде жоғары дамыған Еуропа елдеріне сондай босқындардың қатарларынан өз бастарын бәйгеге тіккен 340 мың байғұс қана жете алған.

Қазіргі таңда Еуропа одағы елдерінде жарты миллиард адам тұрып жатыр. Нақты саны 509 миллион 216 мың адамды құрайтын осы жұрттың арасындағы босқындардың үлес-салмағы небәрі 0,067 пайыз ғана болады.








Дереккөзі: ras.kz
нравится:    2379
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии