24 Август
05:09
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
26 маусым 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Терісі салбыраған модель: Сән әлемінде менің де кезегім келіп жетті


26 жастағы Сара Герц – әзірге ешқандай емі табылмаған Элерс — Данлос синдромына шалдыққан әлемдегі 12 адамның бірі.
 
Бұл ауру адам ағзасында коллаген синтезісінің ақауынан туындайды. Былайша айтқанда, оның терісі тез жарақаттанады, буындары мен бұлшықеттері үнемі ауырады. Осының салдарынан Сара өзінің қатарластарының қасында әлдеқайда егде көрінеді, деп хабарлайды The Sun.



Сара бала кезден бастап өзінің сырт келбетіне намыстанатын. Ол өзінің салбыраған тересін жасыру үшін үнемі қап секілді кең киімдерді киюге мәжбүр болды. Ал, денесіне жабысқан киім кисе, денесінде жарақаттар пайда бола бастаған. Бағына қарай, Сараға достары мен отбасы мүшелері үнемі қолдау көрсетіп келеді.

"Мен жеті жасымда денемдегі өзгерістерді байқай бастадым, ал жасым 10-ға толғанда маған осы диагнозды қойды. Мен өз-өзімді жек көре бастадым" ​- Сара Герц




Сара 22 жасқа толғанда өз сүйіктісімен арадағы қатынасын үзіп, өз өмірін түбегейлі өзгертуге бел буады. Ол тағдырға мойынсұнып, өзінің қазіргі күйін сол қалпында қабылдауды үйренеді. Бұл ретте, мұның барлығы оған оңайға түспегенін, қазіргі күніне үшін қиналыс пен күйзеліске толы ұзақ жолмен жеткенін айтып, сырымен бөліседі. Ендігі жерде ол  салбыраған терісін өзінің бұл өмірдегі басты байлығы деп біледі. Осылайша ол құрбысының қолдауымен ол сән әлеміне жол тартып, модель болып қызмет ете бастады. Ендігі жерде оның алдына қойған мақсаты – Элерс — Данлос синдромы секілді емі жоқ ауру түрінің бар екенін жаһаннамға жария ету болып табылады.
 
"Сән әлемінде осыған дейін альбиностар, витилиго ауруына шалдыққандар және plus-size модельдер бой көрсетіп, әлемнің назарын өздеріне аудара білді. Енді менің кезегім келіп жеткен сияқты", - дейді Сара Герц.





Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    1093
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии