Әлем жаңалықтары
15 сәуір 17:01
Тез дайындалатын кеспенің қалай жасалатынын білесіз бе? Мұны білген кезіңізде тәбетіңіз қашып, оны жеуден бас тартатын боласыз!
Тез дайындалатын кеспенің дәмін еліміздің барлық тұрғыны дерлік татып көрді десек, артық айтқандық емес.
Шындық үшін айта кетейік, біреулер күдік тудыратын осынау тағамды жеуден бірден бас тартса, қалғандары әлі күнге дейін қарны ашқанда «ролтон» мен «мевина» жеп жүр.



Жалпы, қалбырдағы және қораптағы кесте сіздің денсаулығыңызға айтарлықтай зиянын тигізеді.
Сәл тарихына шегініс жасасақ:
Тез дайындалатын тағамды пысық қытайлықтар ойлап шығарған. Бастапқыда ол күріш ұнынан жасалған қуырылған кесте түйірі түрінде болған. Соғыс кезінде жапондықтар бұл технологияны жауынгерлік рационды толтыру үшін кәдеге жаратқан. Кеспенің жұлдызды сәті Жапония аштық жылдарын бастан кешіргенде туды. Дәл сол уақытта Момофуки тез дайындалатын кеспе өндіретін зауыт салған еді.
Бұл идеяны өзге елдердің кәсіпкерлері де лезде іліп әкетті. Бізге ол 1994 жылы келіп, бір сәтте-ақ үлкен танымалдыққа ие болды. Әрине, бүгінгі күні тез дайындалатын түскі астың бастапқы формасымен еш ортақтастығы жоқ.
Қазіргі сатып алушылар білуі тиіс оның негізгі сипаттамалары мынадай:
  • Толқынды пішіні қорапқа сырттай салмақ қосу үшін пайдаланылады.
  • Дәмдеуіштерінде ешқандай табиғи өнім жоқ.
  • Май қауіпті трансмайлардан жасалған.
  • Ұны сапасы ең төмен бидайдан иленген.
  • Ұнға примикс пен эмульгатор-қоюлатқыш қосады.
  • Кеспені дайындау барысында Е-15 бояуышы мен глутамат натрийін пайдаланады.
Кеспені дайындау процесінің барынша зиянды болғаны соншалық, жұмысшыларға противогаз бен арнайы қорғашы киім береді.
Ғалымдар, кеспенің көңіл-күйді көтеретін қасиеті бар екендін атап өтуде. Өйткені, оның құрамында жеңіл есірткі принципімен жұмыс істейтін глутамат натрийінің көп мөлшері бар. Ең қорқыншытысы өндірушілер обыр жасушыларының дамуына жол ашатын, күшті канцероген саналатын пальма майын пайдаланады.
Мұнымен арзан өнімнің зиянды қасиеттері бітпек емес:
  1. Әрбір қорапшаның үлкен мөлшерде калориясы бар.
  2. Өнім тез сіңеді және сіз 20 минуттан кейін қайтадан бутерброд жегіңіз келіп тұрады.
  3. Кеспе қоспалары асқазанды бүлдіреді.
Әрине, «жеу керек пе, әлде бас тартқан жөн бе?» деген сауалға әрбір адам өзі үшін жауап береді. Сіздерден тек қана өтінеріміз, балаларыңызға «ролтон» мен «доширак» бермеңіздер!
Бұл жазбамен бөлісіңіздер, бұл өте маңызды!


http://howinteresting.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика