|    |  
15 қазан 2019
23:44
қаз
Тез дайындалатын салаттар
25 мамыр 2017, 10:42 1083
«Идиллия» салаты

Жұмыртқа-2 дана
Ет-150 г
Қияр-1 дана
Алма-1 дана
Майонез
Сарымсақ

Аталмыш азық-түліктердің барлығын сопақша етіп тураймыз немесе үккіштен өткізуге де болады. Сосын оны майонезбен араластырамыз. Ас болсын! 


«Отпад» салаты

Майшабақ-200 г
Жұмыртқа-2-3 дана
Пияз (қызыл түсті болғаны дұрыс)-1 дана
Салат жапырағы
Зәйтүн майы-3 ас қасық
Сірке суы
Тұз
Қыша

Барлық керекті азық-түліктерді ірі көлемді етіп тураймыз. Зәйтүн майы, сірке суы және қышаны араластырып сұйықтық дайындаймыз. Оны салатқа араластырамыз. Астарыңыз дәмді болсын. 


«Глехурад» салаты

Қызанақ-2 дана
Қияр-1 дана
Тәтті бұрыш-1 дана
Пияз-1 дана
Шалғам
Сарымсақ
Салат жапырағы немесе Айсберг қырыққабаты
Аскөк

Тәтті бұрыш пен пиязды ұсақтап, қияр мен шалғамды домалақ пішінде, ал салат жапырағы мен аскөкті бірнеше үлкен бөлікке бөлеміз. Сарымсақты үккіштен өткізіп, зәйтүн майын қосып басқа азықтармен араластырамыз. Сонымен салатымыз дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын!



http://ikerim.kz/2017/04/12/tez-daiyndalatyn-salattar/


Жаңалықтар