20 Октябрь
18:37
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Кербез
28 қыркүйек 18:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тез қартайтатын тұрмыстық заттар
Америкалық сарапшылар адамның жылдам қартаюына жол ашатын тұрмыстық заттардың тізімін жасады. Соны назарларыңызға ұсынамыз


 
Теледидар көру
 
Теледидар алдында көп отыру адамның бел, жамбас сүйектеріне жағымсыз әсер етеді. Бұл адам өмірінің ұзақтығына кері ықпал жасайды. Сондай-ақ теледидар алдында көп отыру Альцгеймер ауруына шалдықтырады екен.
 
Сұйықтықты бөтелкеден ішу
 
Суды яки шырынды бөтелкеден ішу бетте әжімнің көбеюіне жол ашады екен. Сол себепті сарапшылар стақаннан ішуге кеңес береді.
 
Физикалық қозғалыстың аздығы
 
Үнемі қозғалыста болу ағза үшін де, дсырт келбет үшін де аса маңызды. Ал қозғалыс пен ауыр жұмыс көп болып кетсе де зиянды. Сондықтан қозғалыс пен демалыстың теңдігін ұстау қажет.
 
 
Жылыту жүйелері
 
Үйдегі батареялар мен желдеткіштер тері құрғатып, тез қартаюына жол ашады.

Қант
 
Қант, күн сәулесі мен темекі түтіні әжімді жылдам түсіреді.

Сабын

Көпшілік сабынды тазалық құралы ретінде жиі пайдаланады. Бірақ терінің өзінің бактерияға қарсы қорғанысы бар. Ал сабын құрамындағы сілті терінің қорғаныс қабатын бұзады.
 
 Жастық

Адамдар көбінесе бір қырымен жататындықтан мойын, жақ тұсына ұйықтағанда әжім түседі.
 
Құрамында майы аз диета

Арықтау үшін диета ұстау ағзаға кері әсер етіп, қартаю процесін жылдамдатады.
 
Дереккөз: http://www.segodnya.ua
нравится:    678
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии