15 Декабрь
04:51
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
24 ақпан 16:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тиімді саяхаттау жолдары қандай?
 Біздің оқырмандарымыздың саяхат туралы армандайтыны анық. Бірақ көп жағдайда арман арман күйінде көңіліңізде қалып қоятыны жасырын емес. Бұл туралы 7kun.kz сайты жазады.


Армандарыңызды анықтап алыңыз

Осы уақытқа дейін барлығымыз «Әемдегің ең тамаша жағажай» немесе «Ең қызықты карнавалдар» деген тақырыптарды сан рет ақтардық. Бірақ сан-саққа бөлініп жүретін армандар сізге еш пайда әкелмейді. Шын мәнінде, саяхатқа шыққыңыз келсе, қалауларыңызды нақтылап алыңыз. Қандай саяхат түрі ұнайды? Қандай елге барғыңыз келеді? Егер өміріңіздегі соңғы саяхатыңыз болса, қандай маршрутты таңдар едіңіз?

Сізді қызықтыратын бір бағытты таңдап алып, соны іске асыру үшін жұмыс істеген дұрыс. Бұл «бір күні әлемді шарлауға шығамын» деген бос қиялдан жақсы. Үлкен саяхаттар кішкентай қадамдардан басталады.

Зерттеу жүргізіңіз

Өзге елге саяхатқа шығу — көрші қаладағы туыстарыңызға қонаққа барумен тең емес. Маршрутыңыздың барлық аспектілерін алдын-ала зерттеп алған жақсы. Егер билет алу туралы ертерек ойлансаңыз, арзан тарифпен сатып алуға мүмкіндігіңіз көбірек болады. Қаржыңыздан қысылып тұрсаңыз да, билет үшін шығындалуыңыз қажет. Сондықтан үнемі ізденісте болыңыз. Билет агенттіктері мен делдалдардың «біздегі баға барлығымен бірдей» деген тәрізді фразаларына сене берудің қажет жоқ. Туристерге шын көңілден төмен баға ұсынғысы келетіндер кемде-кем.  Егер виза қажет болса, қағазбастылықтан қорқудың қажет жоқ. Ерінбестен қағаздарды толтырып, кеңселерді аралаңыз. Елшілікке хабарласудан да жалықпаңыз. Телефон басындағы адамдар сізге жауап беру үшін отыр.

Үнемдеу  жолдарын біліңіз

Саяхатқа шығу үшін жылдап банкте депозит сақтаудың қажеті жоқ. Азғана қаржымен де әлемді шарлауға болады. Тек үнемдеу жолдарын білу қажет.

Өз уақытыңызды демалыс маусымының қызған шағына тураламаңыз. Бұл кезде барлық жерде кезек, қымбат баға. 2 ай күте тұрсаңыз артық ақшаңыз бен қаржыңыз да қалтаңызда қалады. Егер тарихи ескерткіштер мен музейлерді араламақ болсаңыз, бұл кеңес бірінші кезекте сізге арналады.

Қайда түнеймін деп алдын-ала уайымдаудың қажеті жоқ. Егер жеңілдікке ие болғыңыз келсе, Booking.com сайтын пайдалануды қоя тұрыңыз. Сіз сол жере барып барынша арзан баспана таба аласыз. Тіпті қосымша қызмет түріне де ие болуыңыз мүмкін. Әрине, көшеде қалу қаупі де бар, бірақ бұл жағдайлар өте сирек болады.

Транспорт шығынынан да үнемдеуге болады. Лоукостер-әуекомпаниялардан да акциялар мен жеңілдік кезінде сіз үшін өте ыңғайлы бағада билет табуға болады. Міндетті түрде лоукостер компанияларының сайттарын ақтарып, алдын-ала хабарламаға жазылып қойыңыз. Ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, тікелей рейспен ұшудан да аулақ болыңыз. Ауысып мінуді ұсынатын рейстер барынша тиімді болады.

Каучсерфингті пайдаланыңыз

Жалғыз жүруді қалайтын немесе шағын топта жүргісі келетін саяхатшылар үшін каучсерфинг ең ыңғайлы әдістің бірі. Қаржыңызды үнемдеу үшін де осы тәсілді ұсынамыз. Сізге Couchsurfing.comсайтына кіріп, саяхаттап бара жатқан қалаңыздан сізді тегін күтіп алып, тегін баспана беруге дайын адамдарды табу керек. Каусерфинг туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 Барынша аз зат алыңыз

Кейбір саяхатшылардың жүгі жаңа түскен келіннің жасауына көбірек ұқсап кететіні жасырын емес. Сіз өз жайлылығыңыз үшін барынша аз зат алуыңыз қажет. Ең керекті құралдарыңыз бен киімдеріңіз салынған бір рюкзак — әлемнің қай бұрышында болмасын еркін жүруге мүмкіндік береді. Саяхатшы дизайнер Кеган Джонстың блогынан саяхатқа қажет деген ең керекті заттар тізімін құруда жақсы кеңестер табуға болады.

Банк карталарын пайдаланыңыз

Пластикалық карталар — кез-келген саяхатшының өмірін жеңілдететін тамаша құрылғылар. Әр елдегі айырбастау пункттерінің жанында уақытыңызды текке жұмсағанша, қарапайым пластик карталар сізге жылдам әрі қауіпсіз төлем жасауға көмектеседі. Тіпті ақшасыз қалсаңыз да қам жемеңіз. Еуропада шыны немесе пластик бөтелкелерді өткізіп, әрқайсысына 15-20 цент алуға болады. Тек олардың сыртында төмендегідей белгі болуы қажет. Тура дүкенге өткізіп, ақша алуға болады.

длод

Өзге елге деген құрмет 

Сіз саяхаттап бара жатқан елдің кем-дегенде 20-50 сөзін білуге тырысыңыз. Ағылшын тілі жақсы, бірақ французға өз тілінде сәлемдесіп, испандықтан өз тілінде жол сұрау сізді ең құрметті шетелдікке айналдырады. Толық тілді меңгермесеңіз де, олардың тілін үйренуге тырысқаныңыз — сол елге деген құрметіңіз. Саяхатқа шықпастан бұрын кем дегенде  күніне 5 сөз жаттауға тырысыңыз. Әрдайым күлімдеп жүріңіз. Мейірімді жүзіңіз бен іс-қимылдарыңыз сізге қосымша көмек болады.

Көп жаяу жүріңіз

Ұшақтан поездға, поездан автобусқа ауысып, барлығын бірден көремін деп асығудың қажеті жоқ. Рюкзагыңызды асынып, қаланы жаяу аралаңыз. Тек осылай ғана сіз жергілікті өмірмен, салт-дәстүрмен таныса аласыз. Жаңа достар табуыңызда ғажап емес. Картасына белгілеп алған пункттерінің үстін сызып, уақытпен жарысып, бір қаладан екінші қалаға жүгірген турист нағыз саяхатты түсіне алмайды. Бұл әлемді теледидармен шарлап шыққанмен бірдей. Асықпаңыз, сіз демалуға келдіңіз.



 
нравится:    1581
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии