|    |  
18 желтоқсан 2018
18:09
қаз
Тіл неліктен ағарады?
16 қараша, 15:28 93
Тіс тазалағанда тіліңізден ақ іздер байқайған кездеріңіз болды ма? Оған көңіл бөлмей, тіс щеткасымен тазалап кетесіз. Алайда тілдегі ақ дақтар көп нәрсенің белгісі бола алады. 

Тілдің бетіндегі ақ іздер түрлі аурулардың, кейбір мүшелердің жұмысындағы қиындықтардың белгісі бола алады. 

Тілдегі ақ жұқа із әркімде де болады. Сондықтан тілдегі жұқа, ақ, таза ізден қорқудын керегі жоқ. Тек оны тіс щеткасымен тазалап жүрсеңіз болғаны. 

Ақ іздің тілден байқалуы асқорыту жүйесінің қиындықтарына меңзей алады. Сізде гастрит, колит, іштегі ойық жаралары болуы мүмкін. 




Тілдегі ақ іздер кейбір дәрілерді қабылдауыңызға байланысты бола алады. Бұл жағдайда дәріні қабылдап болғаннан кейін тіліңіз тазаруы керек.

Тілдің алдыңғы және шет жақтарындағы қалың ақ қабат адамның тыныс алу жолдарының жұмысы дұрыс еместігін көрсетеді. Мысалға көп жылдар бойы темекі шегетін, бронхит, астма ауруларына шалдыққан адамдарда осындай құбылысты байқауға болады. 

Кейде тілдегі ақ дақтар жөтел, тұмауға байланысты болады. Бұл тамақтағы бактериялардың көптігімен түсіндіріледі. 

Сондай-ақ тіліңіздің қырларында қатты көрінетін ақ дақтар бүйрек дертінің салдары болуы мүмкін. 

Адам ағзасының улануынан кейін де тіліңіз осындай әсер көрсете алады.

Тілдегі қалың ақ қабат адамның қажетті мөлшерде су ішпейтінінің белгісі.


Жаңалықтар