12 Декабрь
08:20
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
13 қазан 15:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тісті ағарту үшін

Тістің маржандай тізіліп, жарқырап тұрғанын барлығыңыз да жақсы көресіздер. Алайда кейбір зиянды әрекеттердің кесірінен аппақ тістеріңіз тез арада сарғайып кетеді. Әсіресе арақ, шарап, темекі секілді заттар тістеріңіздің сарғаюына себеп болады. Бүгін біз сіздерге сары тістерден қалай құтылу керектігін айтамыз.

Ас содасы

Сары тістерден арылуға ас содасы ерекше көмектеседі. Ол үшін бір стақанға жылы су құйып, аздап ас содасын салып, аузыңызды жақсылап шайыңыз. Тісіңізді тазалап болғаннан соң суды төгіп тастасаңыз болады. Көп ұзамай тістеріңіздің ағарғанына көзіңіз жетеді.

Апельсин қабығы

Сонымен қатар апельсин жемісінің қабығы да тістеріңіздің ағаруына септігін тигізеді.

Лимон

Лимон қабығымен тісті тазалау баяғыдан бері халық медицинасында қолданылып келеді.

Ағаш көмірі

Ағаш көмірін де ертеде ата-бабаларымыз тістерін ағартуға пайдаланған. Оны тіс пастасымен араластырып, қолдансаңыз болады. Сол кезде сары тістерден тез құтыласыз.

Құлпынай

Таң қалып тұрған шығарсыз, бірақ құлпынай жемісі де тістеріңізді жарқыратуға жақсы көмектеседі. Ол үшін тістеріңізді құлпынаймен жиі ысқылап тұрыңыз.

Алма сірке суы

Алма сірке суымен тісіңізді тазалау арқылы барлық бактерияны өлтіріп, тіс ауруларының алдын аласыз және тістеріңізді аппақ қыласыз.

Салат жапырақтары

Салат жапырақтарын жиі жеңіз. Оның шырынымен ауыз қуысыңызды тазалап, тістеріңізді түрлі бояудан сақтайсыз.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    1119
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии