21 Август
12:28
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
14 мамыр 18:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тоғызқұмалақ ойынының электрондық нұсқасын жасады
Тоғызқұмалақ ойынының электрондық нұсқасын жасады


Әр сала бойынша оқ бойы озық шыққан 30-ға жуық өнертапқыштың мерейі үстем болып, марапатталды. Олардың еңбектері еленіп, қаржылай сыйлық табысталды. 4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының электронды нұсқасын жасаған қызылордалық Бағлан Төлебай «Жас дарын» аталымында алдына жан салмады. Ол ойлап тапқан тоғызқұмалақ ойынының 3D форматындағы әліппесінде керектінің бәрі бар. Онда ойынның ережелері мен барысы түсіндіріледі. Оған қоса, жас өрен қойшылар алгебрасының тарихын да қосуды ұмыт қалдырмапты. Электронды әліппені кез келген адам компьютеріне жүктеп алуына болады. Мемлекет тарапынан патенттеліп, авторлық құқық берілген.

- Алдағы уақытта осы жобамды дамытып, осы тоғызқұмалақтың электронды ойынын жасағым келеді. Әртүрлі плеймаркет сияқты интернет дүкендеріне салып, халыққа тегін таратқым келеді. Тағы бір ерекшелігі – қазір екі тілде жасадым. Қазақ тілінде және ағылшын тілінде. Алдағы уақытта орыс тілін де қосқым келеді, – дейді «Жас дарын» аталымының жеңімпазы Бағлан Төлебай. Мұнда келешегінен үміт күттірер жастармен қатар сайдың тасындай сайланып, берекелі іс көрсетіп жүрген жандар да бар. Айта кету керек, биылғы байқауға барлығы 281 адам қатысуға ниет білдірген. Алайда соның 30-ға жуығының жұмысы ғана жоғары марапатқа ие болды.

ҚазАқпарат
нравится:    755
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии