|    |  
15 қазан 2019
23:46
қаз
Токсинді жұмыртқаларды әлемнің 45 елінен тапты
06 қыркүйек 2017, 10:20 34
Фипронилі бар жұмыртқалар әлемнің 45 елінен табылған, оның көпшілігі ЕО елдері,  деп хабарлады Еурокеңес.



Пестицид жұқтырылған жұмыртқалар Канадада, Азия, Африка және Таяу Шығыстың 18 елінен табылған. Еуропа елдерінің ішінде Хорватия мен Литва ғана зардап шекпепті.

5 қыркүйек күні Таллинде ЕО елдерінің ауылшаруашылық министрлері  зақымдалған өнімді таратпау туралы ақылдасты.
Тауық жұмыртқаларынан фипронил табылғаннан кейін ЕО-тың жүздеген фермалары жабылды, құстарды жаппай сойды, тонналаған жұмыртқалар сатылымнан алынып, мүлдем  жойылды.

Қазіргі уақытта еуропа фермаларында өнімнің сапасына деген тексеріс күшейген. Тамыздың соңында Еурокомиссия ЕО-тың барлық елдерінде фипронилі бар жұмыртқаларды сатылымнан жаппай алып тастауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, фипронил жәндік жойғышын өнімге бүрге, бит және кенеден құтылу үшін қосады. Адамдар азық ретінде тұтынатын жануарларға оны пайдалануға тыйым салынған.

Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар