12 Декабрь
12:30
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
7 маусым 14:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тоқтар Төлешовтің Ресеймен қандай байланысы бар екендігі белгілі болды


Таяуда Бас прокуратурада Тоқтар Төлешовтің ісінің мән-жайы айтылған баспасөз мәслихаты өткен еді. Онда ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің "Қазақстанда билікті күшпен басып алуға" дайындалғанын мәлімдеді. Айтуынша, оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. 

«Тергеумен Төлешевтің бұрын билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізгендігі, ал өткен жылдан бері белсенді нақты әрекеттер қолданғандығы жөнінде толық мәліметтер алынған. Оның әрекет жоспарында қауырттылық ошақтарын құру арқылы елдегі жағдайды тұрақсыздандыру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, оның аясында балама үкіметті қалыптастыруды жоспарлау және әрекет етуші билік құрылымын өзгерту қарастырылған»,-деді Р. Карасев.

Сонымен қатар, ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешев «Жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акцияларын қаржыландырды деп мәлім етті.
 
«Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында «Жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акциялары Төлешев мырзамен өткен жылдың желтоқсанында дайындалып, онымен қаржыландырылғандығы туралы дәлелдер алынды. Аталған наразылық акциялары бұдан да ертерек өткізілуіне қатысты нақты анықталған. Бірақ, Төлешевтің тұтқындалуына байланысты акцияны өткізу уақыттары тікелей ұйымдастырушылармен өзгертілген. Қазіргі таңда олардың кейбірі құрықталған», - деді Р.Карасев.
Оның сөзіне қарағанда,  тергеу органдарымен Қазақстанның басқа өңірлерінде де ұйымдастырған наразылық акцияларын қаржыландыру фактілері қаралуда. Төлешев тергеу изоляторында бола отырып, елдегі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әрекеттеген.
«Өзінің жоспарларын іске асыру мақсатында Төлешев құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші жоғары лауызымды тұлғаларын, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштері бөлімдері кейбір басшылары қатарынан мақсатты түрде өзінің жақтастарын іздестірген. Төлешев өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асыру мақсатында пайдалануға жоспарланған жасырын орындардағы едәуір қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды Ұлттық қауіпсіздік органдары тәркіледі», - деді Р. Карасев.

Өткен демалыстарда Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Т.Төлешевтің бірқатар сыбайлас жақтастарын тұтқындады. 
«Өткен демалыстарда Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешевтің бірқатар сыбайлас жақтастары тұтқындалды. Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық Кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші сыныпты Әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары,  полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері, полковниктер Бекзат Жұмин және Қайрат Пернебаев бар. Аталған адамдар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына отырғызылды», - деді ол.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

"Медуза" порталы Төлешовтің кім екенін және оның Ресеймен қалай байланысты екенін, сонымен қатар кәсіпкердің неліктен түрмеге түсіп қалғанын анықтады. 

Нақтырақ айтқанда, басылым Төлешовтің Ресей азаматы болған өзбек кәсіпкері Гафур Рахимовпен байланысын атап отыр. "2007 жылы наурызда оны Кәсіпқой бокс халықаралық ассоциациясының комитеттерінің бірінің басшысы етіп сайлады (AIBA). Сол жақта ол AIBA атқарушы директоры қызметінде болған Рахимовпен кездеседі. 2009 жылы олардың туған күнді бірге атап өткені белгілі, Рахимов бұл кешке шымкенттік номері бар "роллс-ройспен" келген. Үш жылдан кейін Рахимовты АҚШ билігі "Братский" круг" халықаралық ұйымдастқан қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі және Ауғанстаннан героинді Қазақстанға, Ресейде және Батыс Еуропа елдеріне жеткізду бақылап отырғандардың бірі деп атады", - делінген мақалада. 

Басылым тілшісінің айтуынша, соңғы жылдары Төлешов Ресеймен байланысты ұйымдарда ондаған ұйымда қызмет етті. Шымкенттік кәсіпкер Қазақстандағы казак қоғамдық бірлестіктері Одағының жоғарғы атаманының кеңесшісі болған, ал оның міндеттеріне Ресеймен "қарым-қатынасты нығайту" кірген, сонымен қатар Қазақстандағы Ресей журналистері Одағының атынан сөйлеп, "Қазақстандағы орыс қауымы" қызметіне қатысқан.  

2012 жылы Төлешов Олег Зенорға сұхбат беріпті. Онда қазақстандық кәсіпкер өзінің неліктен Қазақстан азаматы бола тұра, ресейлік парламентте кеңесші болып қызмет ететінін, сонымен қатар өз отанында қазақ тілінің таралуына қарсы екендігін түсіндіреді. "Орыс тілін ығыстыру басталғанда, істің арты қиын болуы мүмкін, ал мұны біз Қазақстанда байқап отырмыз", - деп келтіреді портал кәсіпкердің сөзін. 

2013 жылы кәсіпкер "Евразийская интеграция. Построение будущего" кітабын шығарды. Онда автор мемлекеттердің дербестігіне нұқсан келтіре отырып, "еуразиялық интеграция" идеалдары жайлы айтады. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.


Дереккөзі: БАҚ материалдары
 
нравится:    1638
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии