|    |  
21 қаңтар 2020
22:04
қаз
​Төлеген Мұхамеджанов: Ажырасқан соң баратын жерім болмады
09 желтоқсан 2017, 17:09 109
Елге белгілі азамат, сазгер, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов отбасы, өткен өмірі жайлы сыр шертіп, шындығымен бөлісті. Өмірлік сырларын сазгер «The Эфир» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.



«Ажырасқанда мен портфельмен кеттім далаға. Бір қасық алған жоқпын. Балаларымның басқа мектепке барып, басқа аулаға шығып ойнағандарын қалаған жоқпын. Мен оларды ешқашан далаға тастаған жоқпын. Балаларым әрқашан да менің жүрегімде болды. Білем, түнгі сағат он жарымда, қайда барам, қайда қонам... Содан кейін «Демалыс үйіне» барып, жарты ай жаттым. «Шығармашылық үйінде» болдым. Содан кейін пәтер іздедім. Мен қырықтамын. Үлкен бастық болған адаммын жалпы. Үлкен театрдың директоры болдым. Люся тәтенің, Дуся тәтенің пәтерінде тұрдым. Бәрін жоқтан бастадым. Тұратын жерім болмады. Бірақ өкінбеймін. Сол кездегі шешіміме өте ризамын. Өйткені мен сол кезде өзімнің еркектігімді көрсеттім. Содан кейін болуы керек, кейінірек жұбайым маған бәрін кешірді. Нұржамалмен отбасын құрғаннан кейін, балаларымызды Нұржамалмен бірге алып, Ыстықкөлге барып демалуға рұқсатын берді. Бұл төрт жыл өткеннен кейін болды. Қазір бәрі ойдағыдай. Нұржамал екеуміз ұлыммен тұрамыз. Төрт немереміз бар. Төртінші  немереміз он күн бұрын ғана дүниеге келді»-дейді сазгер.
 
Қоғам қайраткері өзінің бұрынғы күйеу баласы Асылбек Еңсеповпен қарым-қатынасы жайлы да ашық баяндаған.
 
«Асылбек менің қызым Құралаймен отбасын құрып, ажырасып кетті ғой. Жақында Асылбек пен Сырымтай тұсаукесерлерін өткізді. Асылбек бір күйін, Сырымтай бір әнін шығарды. Әні менікі. «Алтын заман-ай». Қызыммен ажырасса да Асылбек менің ұлым.  Сол кезде сахнаға шыққанда мені «Әке» деді. Бұл өмір. Мен де ажырастым. Олар да ажырасты. Мен ешқашан да ешкімге ренжімеген адаммын. Біреулер «Мынаның намысы жоқ қой» деуі мүмкін. Мәселе намыста емес. Екеуі тұра алмады. Ол ұлымдай болып келді маған. Мен оны неге жоққа шығаруым керек?»-дейді Төлеген Мұхамеджанов.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар