|    |  
21 қаңтар 2020
21:52
қаз
Толығымен жанып кеткен үйдің ортасынан неке сақинасын тауып алған күйеуі әйеліне тосын сый жасады
18 желтоқсан 2017, 12:58 40


Оңтүстік Калифорниядағы ормандағы өрт кезінде Вентура Каунти қаласының тұрғындары Дон және Джули Майерстің үйі толығымен жанып, күлі ғана қалған. Олардың үйінде өртке төзімді сейф болған, алайда өрт оның ішіндегі заттарды да бүлдірген екен – олар өздері тірнектеп жинаған ақшалары мен қымбат бұйымдарынан айырылған.

Алайда, өртенген үйдің ортасында қамығып жүрген отағасы аяғының астынан күлдің арасынан әйелінің неке сақинасын тауып алған.

Джулияда екі неке сақинасы болған екен: бірі сейфте жатқан, ал үйлену тойына 25 жыл толуына орай сыйлаған екінші сақинасы оның қолында болған.
 
Сақинаны тауып алған Дон еш ойланбастан әйелінің алдында тізерлеп тұра тұра қалып, оның өзіне қайта тұрмысқа шығуын сұраған.

«Мен өмірдегі ең қайғылы сәттерде де махаббаттың маңызды екенін дәлелдегім келді» — дейді ол.

Ал, әйелі болса, күтпеген сәтте жасалған тосын сыйға қуанып, көз жасына ерік берген.

«Сақинаның табылғанына сенер емеспін. Өйткені сейфтің ішіндегі бар зат өртеніп кеткеніне көзім жеткенде, мен сақинамды енді мүлдем қайта көрмейтін шығармын деп ойлалым, — дейді Джули. — Ал, өртенген үйдің ортасында махаббатқа серт беру өзім эмоцияма ерік беріп, түтіннің иісі қолқамды жарып, не істерімді білмей дал болып тұрған сәтте менің өмірге қайта оралуыма сеп болды».
 



Дереккөзі: REP


Жаңалықтар